Қоғам

Иманбек жаңа көлігін көрсетті

© Photo : Pavlodarnews.kzОбладатель "Грэмми" Иманбек Зейкенов встретился с молодёжью Аксу
Обладатель Грэмми Иманбек Зейкенов встретился с молодёжью Аксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Жазылу
Grammy иегері жаңа көлік сатып алды, алайда ол Lada Priora-дан ешқашан бас тартпайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстандық диджей Imanbek (Иманбек Зейкенов) Instagram желісінде өзінің жаңа көлігі – 010 IMA нөмір белгісін таққан ақ түсті Mercedes-ін көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Imanbek Musiс (@imanbekmusic)

Сондай-ақ, ол бұрынғы көлігі Lada Priora-ны да суретке түсірген.  

"Приораны сатпайсыз ғой, иә? - деп сұрады Иманбектен оқырмандардың бірі.

"Сатпаймын", - деп жауап берді музыкант.

Иманбек туралы не білеміз

15 наурызда Ақсу тұрғыны Иманбек Зейкенов Roses әніне жазылған ремикс үшін Grammy сыйлығын алды. Видеожазбаны миллиондаған адам көрді. Трек U.S. Billboard Hot 100 бестігіне кірді, ал рэпер Карлос Сент-Джон өзі орындайтын әнге жазылған ремикс үшін Ақсу тұрғынына алғыс айтты. Бұл тарихи оқиғаға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдірді.  

Тоқаев Grammy сыйлығын жеңіп алған Иманбек Зейкеновті құттықтады

Жаңалықтар
0