Баян Алагөзова

"Бұл жағдай жанымды ауыртты": Баян Алагөзова өзіне тағылған айыпқа жауап берді

4132
(Жаңартылды 17:35 04.05.2021)
Қазақстандықтарды сан соқтырып кеткен Astex.kz инвестициялық компаниясы желіде қызу талқыланып жатыр. Компанияны Баян Алагөзова, сонымен қатар вайнерлер жарнамалаған

АЛМАТЫ, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова өзі жарнамалаған компанияның жүздеген адамды сан соқтырып кеткеніне қатысты пікір білдірді, деп жазады Nege.kz.

Жуырда 200-ге жуық алматылық тендерден пайда көремін деп, Astex.kz компаниясына құйған 2 миллиардын қайтара алмай жүргені белгілі болды. Ақшамен қоса компания қожайыны да ұшты-күйлі жоқ болып кеткен. Бұл компанияны бір жылдары Баян Алагөзова жарнамалаған.

"Расымен де компанияға қатысты түсініксіз жағдай болып жатыр. Бұл үш жыл бұрын, 2019 жылы болған оқиға. Мен сол кезде екі жас жігітпен таныстым. Екеуі ағайынды екен. Тәрбиесі дұрыс, мәдениетті жігіттер сияқты көрінді. Олар менен нарықта жұмыс істеп жатқан компанияларын жарнамалап беруді сұрады. Олардың келісімшартын қарап, жұмысына разы болған клиенттерін көрдім. Қысқасы, дұрыс компания екеніне менің көзімді жеткізгендей болды. Ол кезде шынымен де солай болатын", - деп жауап берді Алагөзова сайтқа берген сұхбатында.

Продюсер олардың адал жұмыс істейтініне сол кезде еш күмәнданбағанын жеткізді.

"Күмәнді нәрсені жарнамалауға бармайтын едім ғой. Енді жағдай өзгеріп кетіпті. Қазір компания Astex деп аталмайды екен. Ағайындылар бірге жұмыс істемейтін болған. Мәселе "Мудараба капитал" деп аталатын компаниямен қосылғаннан кейін басталған. Бұл компания туралы бұрын-соңды естіген емеспін. Сондай-ақ Astex.kz деген компанияны да ешқашан жарнамалаған емеспін. Менің түсінуімше, барлық мәселе ағайынды жігіттер екіге бөлініп, олардың бірі басқа компания құрғаннан кейін туындаған. Ал бұған менің еш қатысым жоқ", - деді Баян Алагөзова.

Ол сондай-ақ ағайындылардың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын білмегенін айтты.

"Instagram табыс көзіне айналғаны ешкімге жасырын емес. Жас кәсіпкерге қолдау көрсету үшін ол пісірген күлшеге жарнама жасауым мүмкін. Ал ертең сол күлшені жеген адам уланып қалса, бұған да мен жауап беруім керек пе?", - деді продюсер.

Баян Алагөзова жас кәсіпкерлерге жарнама жасап көмектесіп жүретінін айтып өтті.

"Мен бір рет жарнамалаған компанияның әлгіндей болып шыққаны жанымды ауыртты. Astex.kz, "Мудараба капитал" деген компанияларды білмеймін, олардың басшысын танымаймын. Танымағандықтан, ақталып әуре болмаймын. Мен жарнамалаған кезде ол компания шынымен де жақсы жұмыс істеген. Ал одан кейін не болғаны, ағайындылардың не үшін келіспей қалғаны, неге ақша бөлісе алмағанының маған қатысы жоқ. Бүгін жақсы көрініп, ертең жаман адамға айналғандар үшін жауап бере алмаймын", - деп жауап берді ол.

Ол сондай-ақ құқық қорғаушылардың өзінен жауап алуға шақырған-шақырмағаны туралы сауалға жауап берді.

"Мені полицияға шақырған жоқ. Егер шақырса, заңды құрметтейтін азамат ретінде тергеуге барып, түсініктеме беремін. Қолымнан келгенше көмектесемін. Өйткені адамдар шынымен де зардап шекті. Дегенмен адам әлдебір күдікті компанияға ақша салар алдында ойлануы керек. Зерттеу жасап, компанияның немен айналысатынын бақылауы қажет. Мен жарнама жасаған компания мен алаяқтық жасаған компанияны шатыстырып, жұрт мені нысана етіп қойды. Журналистер жағдайды дұрыс түсінбей, мен түскен жарнаманы қайта-қайта көрсетіп жатыр. Қайталап айтамын, мен жарнама жасаған компания ол кезде адал жұмыс істеген", - дейді продюсер.

Оқи отырыңыз: Мас болған: Баян Алагөзованың қызы мен күйеубаласы жауапқа тартылды

Оның сөзінше, шудың шеті шыға бастаған соң Алагөзова ағайындының бірімен сөйлескен. Олар да бұған Баянның қатысы жоқ екенін, бауыры екеуі тіл табыса алмаған соң осындай мәселе туындағанын жеткізген.

"Оның аты – Шыңғыс. Мен оған наразы екенімді, мені жаманатты еткендерін айттым. Не себепті бұлай болғанын сұрадым. Ол: "Баян, бұған сіздің еш қатысыңыз жоқ. Бауырым екеуміз тіл табыса алмадық. Бауырым басқа компания құрып, біреулермен біріккен соң осындай мәселе туындады", деп жауап берді. Жұртқа айтарым, сақ болу керек. Ақша табу оңай емес. Иненің жасуындай күдігіңіз болса, ондай компаниядан аулақ жүру қажет", - деп түйіндеді сөзін Алагөзова.

Astex.kz-тің басы-қасында жүрген – ағайынды Шыңғыс пен Алмас Құрманғалиевтар. КТК арнасының хабарлауыша, екеуі де осыған дейін істі болған. Алмас Құрманғалиев 2010 жылы монополияға қарсы инспекцияда жұмыс істеп жүріп, 5 мың доллар пара алғаны үшін сотталса, Шыңғыс сол жылдары қаржы полициясының қызметкері бола тұра, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жаза арқалаған.

4132
Кілт сөздер:
Баян Алагөзова
телефон

Мамандар телефон арқылы ақша ұрлаудың әдістері туралы айтты

461
(Жаңартылды 13:20 10.05.2021)
Сарапшылардың айтуынша, смартфонды ұрлап кетсе, алаяқтар иесінің барлық қаржылық операциясына кіре алады. Сол себепті ұялы телефонды үнемі бұғаттап отыру қажет

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Ресейлік мамандар картасыз төлем жасау жүйесі арқылы ақша ұрлаудың әдіс-тәсілдері туралы айтты. Алаяқтар оны жиі қолданып жатады.

"Синергия" университетінің "Банк ісі" кафедрасының аға оқытушысы Антон Рогачевскийдің айтуынша, барлық төлем телефон арқылы жасалса, ақшаны кәдімгідей терминалдың көмегімен кез келген жерде ұрлауға болады.

"Біз телефонды ылғи шалбардың калтасына салып жүреміз. Терминалды да сөмкеге салып, қажетті соманы енгізу арқылы ақшаны ұрлап кетуге болады. Ол үшін қарбалас сәтті пайдаланып, қоғамдық көлікте ме, басқа жерде ме, адамға жақын тұрып, телефонға сөмкені жақындатып өткізсе де жеткілікті", - деді Рогачевский "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында.

Ал Еуропалық заң қызметінің заңгері Евгений Иванов NFC арқылы төлем жасаудың басты кателігін атады. Оның айтуынша, телефонмен ақша аударғанда операцияны саусақтың ізімен немесе пин-кодпен растау қажет. Бірақ смартфонды ұрлап кетсе, алаяқтар иесінің барлық қаржылық операцияларына кіре алады. Сол себепті ұялы телефонды үнемі бұғаттап отыру қажет. Ал картасыз төлем жасау жүйесіне мобильді аударымның шекті сомасын енгізіп қойған дұрыс.

Бұған дейін SafeNet аймақтық инжинирингтік орталығының директоры Денис Кувиков телефон алаяқтарының қалай қылмыс жасайтынын айтқан еді. Олар алдымен сан алуан интернет-дүкендерінің сайттарын бұзып, адамдардың жеке мәліметтерін алады. Сөйтіп әрбір адамның мекенжайын, аты-жөнін, қандай банкте тіркелгенін және тағы басқа ақпаратты алып, алаяқтық әрекеттер жасайды.

Оқи отырыңыз: "Мобильді аударым жасаңыз!": кәсіпкерлер халықты қалай алдайды

 

461
Екпені тасымалдау

Денсаулық министрлігі отандық вакцинаға қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

1038
(Жаңартылды 12:46 10.05.2021)
Ресми мәліметке сәйкес, стикерлеу жұмысы СК-Фармацияның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе мен Шымкент қаласындағы хабтарында жүргізілген

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде қазақстандық студенттерді Қытайдан әкелінген вакцинаның жапсырмасын қазақстандық екпеге ауыстыруға мәжбүрлейтіні туралы ақпарат тарап кетті. Денсаулық сақтау министрлігі оны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.  

WhatsApp мессенджерінде тараған аудиожазбада әйел медициналық оқу орнында оқитын студентті кездестіргенін айтады. Оның айтуынша, студенттерді сабақ уақытында жасырын түрде "СК-Фармацияның" қоймасына алып барады да, қытайлық вакцинаға қазақстандық екпенің стикерлерін жабыстыруға мәжбүрлейді. Сөйтіп шетелдік препаратты отандық өнім ретінде ұсынады. Қоймаға ұялы телефонмен кіргізбейді және орындалуы тиіс күнделікті жоспар бекітілген.

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вакцинаны QazVac стикерлеріне ауыстыру туралы қауесетті жоққа шығарды.

Ресми мәліметке сәйкес, 30 сәуірде Қазақстанға "Hayat-Vax" вакцинасының 400 мың қаптамасы жеткізілді. Бұл – Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған қытайлық екпе.

Вакцинаның нұсқаулығы мен белгілері араб және ағылшын тілінде жазылған. Ал "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 242-бабына сәйкес елімізде барлық дәрілік заттар қаптамасына қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулық анық таңбамен жазылып, айналымға түсуі тиіс.

"Қажетті белгілерді қоюға және нұсқаулығы бар парақтарды буып-түюге ерікті студенттер көмектесті", – дейді министрлік мамандары.

Стикерлеу СК-Фармацияның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе мен Шымкент қаласындағы хабтарында жүзеге асырылды. Әр қоймада 20-40 штаттық қызметкер жұмыс істеді. Жұмысты тездету мақсатында еріктілердің көмегі ұсынылды. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Алматы қаласында – 5 адам, Ақтөбе қаласында – 10 адам.

Оқи отырыңыз: Қытайлық вакцина туралы не білеміз – маңызды 10 сұрақтың жауабы

Қоймаға кірердің алдында барлық келушіге тиісті ережелер түсіндірілді. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық та берілді. Ал стикерлер мен аннотацияларды дайындау, сондай-ақ стикерді қаптамаға жабыстыру волонтерлік қызмет негізінде жасалғандықтан қандай да бір келісімдер мен шарттарға қол қою көзделмеген.

1038
Кілт сөздер:
екпе, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Осы айда екі миллион адамға вакцина егеміз – Мамин
"Вакцина салдырмасаң, анықтама бермейміз": Түркістан облысында болған оқиға
Вакцина салдырғандардан қай кезде ПТР-анықтама талап етілмейді
Коронавирусқа қарсы әлемдегі ең үздік вакцина анықталды
Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды
Батут

Орал саябағында тағы төтенше жағдай: батутта ойнап жүрген балалар өлім аузынан қалды

59
Бұл бір аптадағы екінші жағдай. 2 мамыр күні орталық бақта орналасқан аттракционнан ақау шығып, сегіз бала жарақаттанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Оралда саябақта балалар ойнап жүрген кезде, кенеттен батуттың желі шыға бастаған. Оқиға болған кезде аттракционда 20-дан астам бала болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Оқиға 9 мамыр күні сағат 18.00 шамасында қалалық мәдениет және демалыс саябағында болған. Саябақта орнатылған батут балалар ішінде болған сәтте аяқ астынан желі шыға бастайды. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеороликпен бөлісті. 

"Батут кішкентай емес, биік және көлемді. Оның ішінде түрлі жастағы 20-ға жуық бала болды. Ата-аналар балаларды құтқару үшін бірден аттракционға жүгірді. Кішкентай балалар қорқып, жылап жатты. Кіре берістегі қыз жай ғана бұл оның батуты екенін айтты, тіпті кешірім де сұрамады. Электр қуатының өшірілгенін жеткізді", - дейді Самал есімді қала тұрғыны.

Оның айтуынша, балалар ауыр жарақат алған жоқ, бірақ қатты қорқып қалған.

"Аттракционның иесі ақшаны қайтарғысы да келмеді, кейіннен қайтарып берді. Әңгіме ақшада емес, оқиғада ғой. Егер балалардың бірі ауыр жарақат алса немесе Құдай сақтасын, қайтыс болып кетсе ше? Сонда нағыз қаза болар еді. Бұл аттракциондар неге тексерілмейді? Қосалқы генераторлар неге жоқ? Саябаққа батут неге қояды? Бұл демалыс орны емес пе, аттракционнан аяқ алып жүре алмайсыз. Балаға қауіпті екенін қалай түсіндіруге болады? Жақында ғана аттракционға байланысты оқиға болған еді", - дейді әйел.

Оқи отырыңыз: Оралда ата-аналар әткеншекке мінген балаларын күтіп тұрғанда күтпеген оқиға болды

Бұл арада қалалық мәдениет және демалыс саябағының директоры Жасұлан Сәкенов болған жайттан хабарсыз екенін, бірақ тексеріс жүргізілетінін айтты.

"Кеше демалыс болды, мен кешке дейін жұмыста болдым, бірақ маған бұл жағдай туралы айтылмады. Электр қуаты кеше шынымен сөніп қалды, соған байланысты орын алған оқиға шығар. Бүгін біз қызметтік тексеріс жүргіземіз", - деп атап өтті Жасұлан Сәкенов.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ешкім медициналық көмекке жүгінбегенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл аптадағы екінші жағдай. 2 мамыр күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында төтенше жағдай болды. "Калейдоскоп" каруселі кенеттен тоқтап, креслода отырған балалар бір-біріне соқтығысты. Сегіз бала жарақаттанды.

59
Кілт сөздер:
Орал, саябақ, батут
Тақырып бойынша
Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырып әкетті - видео
Жантүршігерлік видео: Қостанайда батут ұшып кетті
Қарағандыдағы трагедия: батуттың иесі ұсталды
Семейде әткеншек құлап, бес бала зардап шекті