Қоғам

Тоқаев заң шығару процесіне азаматтық қоғам өкілдерін тарту ұсынысын талқылады

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и уполномоченный по правам человека Эльвира Азимова
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и уполномоченный по правам человека Эльвира Азимова - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Жазылу
Президент азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге жәрдемдесу қажеттігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа омбудсмен офисінің құқық қорғау қызметі бағытында атқарып жатқан жұмыстары, оның ішінде, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданған маңызды шешімдер жайында баяндалды. Бұл шешімдер азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдігін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ Эльвира Әзімова президентке әйелдердің, балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау бойынша заңнамалық және атқарушы деңгейлерде қабылданатын шаралар туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, кездесуде құқық қорғау қызметімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарды қолдауды кеңейту, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын жалғастыру, сондай-ақ адам құқықтары бағытындағы заң шығару процесіне уәкілді және азаматтық қоғам өкілдерін тарту жөніндегі ұсыныстар қаралды.

"Кездесуде "Омбудсмен туралы" заң қабылдау жөнінде айтылып, уәкіл институтына мемлекеттік қолдау көрсету және оның әлеуетін өңірлер деңгейінде нығайту мәселесі талқыланды", – делінген ақпаратта.

Президент өз сөзінде азаматтардың тікелей қатысуымен қоғамдық бақылау түрлерінің бірі ретінде 2014 жылы құрылған азаптаулар мен қатыгездікті болдырмау бойынша ұлттық алдын алу тетігінің қызметін жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге жәрдемдесу қажеттігін айтып, үкімет әзірлеген "Қоғамдық бақылау туралы" заң жобасы аясында қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Ағаділдің өлімі: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тексеріс жүргізілетінін айтты

Жаңалықтар
0