Нұрлан Нығматулин

"Қалай басқарып отырсыз?": министр микрофон үшін Нығматулиннен сөз естіді

1126
(Жаңартылды 12:43 05.05.2021)
Мәжіліс төрағасының сұрағына жауап берген индустрия министрі Бейбіт Атамқұловтың дауысы естілмей қалды, ол микрофонын қоса алмады 

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин республикалық бюджет туралы заң жобасын талқылау барысында ұлттық экономика мен индустрия министрлеріне шүйлікті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Парламент мәжілісінде "2021-2023 жылдарға арналған  республикалық  бюджет туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, ел экономикасы өсімінің болжамы 2,8%-тен 3,1%-ке дейін жақсарған. Яғни, Қазақстан экономикасы қалпына келіп жатыр.

Алайда мәжіліс спикері жас министрдің оптимистік болжамымен келіспеді.

"Әсет Арманұлы, ЖІӨ-нің 3%-ке өсуі экономиканың өткен жылғы құлдырауымен байланысты екенін айту керек. Былтырғымен салыстырғанда база төмен. Солай емес пе?", - деп сұрады Нығматулин.

"Солай", - деп келісті Ерғалиев.

"Ол жағын айтпай, үндемей отырсың", - деді спикер. 

Нығматулин ұлттық экономика министрлігі ел экономикасын дамыту штабына айналуға тиіс екенін атап өтті.

"Бүгін қаралып отырған бюджет бойынша экономиканың нақты секторына қателеспесем, 723 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қомақты ақша. Сіздің министрлік экономиканың өсімін қамтамасыз ету үшін бұл қаражаттың қайда бағытталатынын айқындауы керек. Экономиканың өсімі сіз бен біздің жеңісті цифрларымыз, пайыздарымыз емес. Мұның бәрі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға тиіс", - деді мәжіліс төрағасы.

Егер ұлттық экономика министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі өсім туралы болжам жасаса, онда сөрелер шеттен тасылған өнімдермен емес, бағасы төмен отандық азық-түлікке толып тұруға тиіс, деп жалғастырды ол.

"Егер біз өнеркәсіп, құрылыс индустриясының өсімі туралы айтсақ, біздің азаматтар мұны сезінуі керек. Құрылыс материалдары, соның ішінде олардың бағасы, халыққа қолжетімді болуы қажет. Соңғы уақытта бәрі қымбаттап жатыр. Солай емес пе, Бейбіт Бәкірұлы?", деді Нығматулин.

Алайда осы кезде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі   Бейбіт Атамқұлов микрофонын қоса алмай, даусы естілмей қалды.

"Сізді естімей тұрмыз, микронфонды басыңыз", - деді спикер.

"Министр Атамқұловтың микрофонын қосыңыздаршы. Өнеркәсіп саласын қалай басқарып отырсыз? Кнопканы баса алмайсыз", - деп сынады Нығматулин.

"Иә. Міне, қосылды. Келісемін сізбен", - деп жауап берді микрфоны қосылған Атамқұлов.

Нығматулин сөзін қорытындылап, ұлттық экономика министріне "кейбір әріптестері сияқты статистикаға емес, нақты жұмыс істеуге" кеңес берді.

1126
Тақырып бойынша
"Ақшаның қайда жатқанын білмейді": үкімет Нығматулиннен сөз естіді
"Аллаху әкбар, ақша жоқ!": Нығматулин бәрі керемет деген министрді сөзден ұстады
"Оны қалай төлейді?": Нығматулин халықты ойламайтын шенеуніктерге шүйлікті
"Тауық пен сиырдың айырмашылығын түсінер еді": Нығматулин министрге кеңес берді
Ақтоты Райымқұлова

Министр Райымқұлова орынбасарының ұсталуына қатысты: оставкаға кетуге дайынмын

89
Министр өзінің қызметтен кетуі үшін алдымен өз орынбасарының кінәсі толық дәлелденуі тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова пара алды деп айыпталған орынбасарының кінәсі дәлелденсе, оставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Пара алды деген күдікпен ұсталған вице-министр Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, сіз отставкаға кетуге дайынсыз ба?", деп сұрады журналист мәдениет министрінің халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша өткен брифингте.

"Ең алдымен, Конституция бойынша кінәсіздік презумпциясы бар екенін еске салғым келеді және ең бірінші кінә дәлелденуі керек. Егер оның кінәсі дәлелденсе әрине, мен заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш беремін. Кінәсі дәлелденген жағдайда", – деп қайталады Райымқұлова.

Айта кетейік, биыл ақпан айында мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны хабарланды. Шенеунікке букмекерлік қызмет саласындағы заңды тұлғаның өкілдерінен пара алды деген айып тағылды.

Оқи отырыңыз: Мәдениет министрі жаңа норма туралы: әншілер дөрекі мінезі үшін жазаланады

89
Кілт сөздер:
отставка, Ақтоты Райымқұлова
Тақырып бойынша
Мөлдір Әуелбекованың орамал туралы әңгімесі: мәдениет министрі пікір білдірді
Әліпбиді латынға көшіру жұмыстарын басқа министрлік жалғастырады – Райымқұлова
Жаңа мәдениет министрі: Ақтоты Райымқұлова туралы не білеміз?
Райымқұлова ұлттық киноны қолдау орталығы басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Мәдениет министрі "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне қатысты ақпаратпен бөлісті
Документы

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжатты үйге жеткізу қызметі іске қосылды - мемлекеттік корпорация

1003
Мемлекеттік корпорация жаңа қызмет қазақстандықтардың уақыты мен қаржысын үнемдейтінін айтты

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды клиенттің үйіне жеткізу қызметін іске қосты.

Оған 144 мемлекеттік қызмет қосылды. Оның ішінде жылжымайтын мүлікке құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу, жер учаскесінің актісі, білім туралы құжатты апостильдеу, мұрағат анықтамалары, әскери билеттің телнұсқасын беру секілді құжаттар бар.

Жақында жүргізуші куәлігін, жеке куәлікті, паспорт секілді құжаттарды үйге дейін тапсырыспен жеткізу қызметі іске қосылады. 

"Құжаттарды үйге жеткізу сервисін өткен жылы сынай бастадық және біртіндеп оны жетілдіріп келеміз. Бұл клиенттердің мемлекеттік қызмет алуын жеңілдетіп, қаржысы мен уақытын айтарлықтай үнемдейді. Қазір сервис алматылықтар мен елорда тұрғындары үшін қолжетімді, жақын арада сервисті өзге қала тұрғындары да пайдалана алады", - деді  "Азаматтарға арналған үкіметтің" басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Құжаттарды үйге жеткізуге қалай тапсырыс беруге болады

Құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің қажетті мекенжайына құжаттарды жеткізуді рәсімдеуді ұсынатын веб-сілтемесі бар SMS жолданады.

Қызмет ақылы, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.

Құжаттарды жеткізу бойынша пилоттық жоба бір ай бұрын астаналық халыққа қызмет көрсету орталығының бірінде іске қосылды. Курьерлік қызмет арқылы 50-ден астам құжат жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі декреттік жәрдемақыны рәсімдеуге қатысты жаңа мәлімет таратты

2020 жылдың қазанында еgov.kz электронды үкімет порталында осыған ұқсас қызмет пайда болды – ол кезде автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен дайын техникалық паспортты үйге жеткізу сервисі іске қосылған болатын.

1003
Кілт сөздер:
Азаматтарға арналған үкімет, құжат, төлқұжат
Тақырып бойынша
Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тәртібі өзгереді
Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады – Смайылов
Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО істен шықты: басшылық себебін түсіндірді
Жаңа өзгерістер енгізілді: қазақстандық жүргізушілер нені білуге тиіс