Қоғам

Мамандар телефон арқылы ақша ұрлаудың әдістері туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2021
Жазылу
Сарапшылардың айтуынша, смартфонды ұрлап кетсе, алаяқтар иесінің барлық қаржылық операциясына кіре алады. Сол себепті ұялы телефонды үнемі бұғаттап отыру қажет

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Ресейлік мамандар картасыз төлем жасау жүйесі арқылы ақша ұрлаудың әдіс-тәсілдері туралы айтты. Алаяқтар оны жиі қолданып жатады.

"Синергия" университетінің "Банк ісі" кафедрасының аға оқытушысы Антон Рогачевскийдің айтуынша, барлық төлем телефон арқылы жасалса, ақшаны кәдімгідей терминалдың көмегімен кез келген жерде ұрлауға болады.

"Біз телефонды ылғи шалбардың калтасына салып жүреміз. Терминалды да сөмкеге салып, қажетті соманы енгізу арқылы ақшаны ұрлап кетуге болады. Ол үшін қарбалас сәтті пайдаланып, қоғамдық көлікте ме, басқа жерде ме, адамға жақын тұрып, телефонға сөмкені жақындатып өткізсе де жеткілікті", - деді Рогачевский "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында.

Ал Еуропалық заң қызметінің заңгері Евгений Иванов NFC арқылы төлем жасаудың басты кателігін атады. Оның айтуынша, телефонмен ақша аударғанда операцияны саусақтың ізімен немесе пин-кодпен растау қажет. Бірақ смартфонды ұрлап кетсе, алаяқтар иесінің барлық қаржылық операцияларына кіре алады. Сол себепті ұялы телефонды үнемі бұғаттап отыру қажет. Ал картасыз төлем жасау жүйесіне мобильді аударымның шекті сомасын енгізіп қойған дұрыс.

Бұған дейін SafeNet аймақтық инжинирингтік орталығының директоры Денис Кувиков телефон алаяқтарының қалай қылмыс жасайтынын айтқан еді. Олар алдымен сан алуан интернет-дүкендерінің сайттарын бұзып, адамдардың жеке мәліметтерін алады. Сөйтіп әрбір адамның мекенжайын, аты-жөнін, қандай банкте тіркелгенін және тағы басқа ақпаратты алып, алаяқтық әрекеттер жасайды.

Оқи отырыңыз: "Мобильді аударым жасаңыз!": кәсіпкерлер халықты қалай алдайды

 

Жаңалықтар
0