Қоғам

"Қызымды өлтірді": белгісіз жағдайда көз жұмған қазақ қызының анасы Грузияға келді

© AP Photo / Marcelo RuizСилуэт женщины, архивное фото
Силуэт женщины, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2021
Жазылу
Грузия полициясы зорлау және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу деген екі бап бойынша тергеу амалдарын бастап кетті. Бір күдікті қамауға алынды, сондай-ақ қыздың өліміне қатысы болуы мүмкін тағы бір адам бар

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Тбилисиде қайтыс болған қазақ қызының анасы Айсұлу Айтпаева Грузияға келді. Ол қызының өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді, деп хабарлайды Sputnik Грузия.

Айсұлу Айтпаева 26 жастағы қызына қиянат жасалғанына сенімді. Ол Тбилисиде ең алдымен Леван Самхараули атындағы ұлттық сот-сараптама бюросында қызының мәйітін танып, іс материалдарымен таныспақшы. Сондай-ақ ол Қазақстан консулдығына барады.

"Қызымды өлтіріп, терезеден лақтырып жіберді деп ойлаймын. Ол терезеден өз еркімен секіретіндей бала емес еді. Бес күн бұрын Грузияға келіп, осында жұмыс істей бастады. Бұрын Әсел ұсталған адамды танымайтын. Осы жерде танысып, бірге жұмыс істеулері керек болатын. Менің күйеуім де Грузияға келуі керек еді, бірақ құжаттарында қиындықтар шығып, келе алмады", - деді Айсұлу Айтпаева журналистерге.

Айта кетейік, 5 мамырда Грузияның астанасы – Тбилиси қаласында Қазақстан азаматы Әсел Айтпаева терезеден секіріп, қайтыс болды.

Келесі күні қазақ қызының өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Зугдиди қаласының тумасы Бесик Тордуаны 26 жастағы қызды зорлап, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізді деген айып тағылды.

Алайда, Грузия бұқаралық ақпарат құралдары анықтағандай, бұл іс бойынша зорлық-зомбылықтың жалғыз эпизоды емес.

Грузия телеарналары Әсел мен Тордуаның сөйлескен жазбасын жариялады. Онда ол оны қорлап, өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлейді. Жазбада ер адамның қызды ұрғанын да естуге болады.

Оқи отырыңыз: Терезе түбінен тапқан: Грузияда қаза болған қазақ қызына қатысты мәлімет тарады

Сол жазбада, БАҚ-тың хабарлауынша, Әсел Айтпаева деген қыз оны Мұрад есімді азаматтың зорлағанын айтады.

Грузиядағы Формула телеарнасы Тбилисидегі Айтпаеваның таныстарының арасында Мұрад Мейрбегов есімді Қазақстан азаматы бар екенін анықтады. Ол Әсел жұмыс істеген компанияның иесі болған. Қазіргі кезде ол Грузиядан кетіп қалған.

Сондай-ақ, телеарнаның хабарлауынша, қызды Грузияға келгеннен кейін Рустави қаласында тұратын туыстары Мейрбеговқа сатып жіберген.

Rustavi 2 телеарнасы өз кезегінде туыстарымен болған жанжалдан кейін қыз 57 жастағы Тордуаға көшіп барған дейді.

Қазіргі уақытта Тордуа сот үкімі шыққанша түрмеде отыр, оны кінәсі дәлелденсе он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу амалдары жалғасуда.

Бұған дейін Айсұлу Айтпаева Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында қызының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап ететіндігін айтқан болатын.

Айсұлу Айтпаева бұл іске күйеу баласының да қатысы бар деп санайды. Ер адам Әселді Грузияға алып барған. Оның әрекетінен басқа да қыздар зардап шегуі мүмкін.

"Оны күйеу бала алып кеткен. Сол күні Қазақстаннан әртүрлі рейспен бес қызды жіберіпті. Ал Әсел қайтыс болған күні ол Нұр-Сұлтанға ұшып келді", – дейді Айсұлу Айтпаева.

Оның айтуынша, Грузияда күйеу баласы тегін ауыстырып жүрген. Бірақ олай неге істегені әзірше белгісіз.

"Мен Әселдің өліміне дейін түнгі сағат он бір жарымда онымен сөйлескенмін. Сол кезде соңғы рет тілдестік. "Мама, бәрі жақсы" деді. Бірақ мен оның бір нәрсеге алаңдап тұрғанын сездім. "Көмек, әлде ақша керек пе?" деп сұрадым. Оның жанында біреу болған сияқты", – деп атап көрсетті анасы.

Әселді Грузияға көлік алып-сататын бір фирмаға шақырған. Бірақ күйеу баласы оны алдап кетті.

Жаңалықтар
0