Қоғам

Мүфтият Ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Тимур БатыршинНамаз
Намаз - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Діни басқарма мешітке баратын қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды, науқастар мен әйелдерге айт намазына қатыспауға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Ораза айт намазы мешіт аулаларында оқылатынын хабарлады.

"Қадірлі жамағат! Сіздерге еліміз бойынша мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылатынын (жергілікті бас санитар дәрігерлердің қаулысымен рұқсат етілген) қуанышпен жеткіземіз", - делінген хабарламада.

ҚМДБ таң атысымен мешітке баратын мұсылман жамағатын санитарлық талаптарды сақтауға шақырды:

  • бетперде киіп келу;
  • үйден дәрет алып келу;
  • намаздан соң қол беріп амандаспау;
  • намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;
  • жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
  • науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.

"Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет", - деді діни басқармадағылар.

Рамазан айы 12 мамырда аяқталады. Қазақстан өңірлерінде Ораза айт намазы 13 мамыр таңғы жетіде оқылады.

Жаңалықтар
0