Қоғам

"Мектепте емтихан мен соңғы қоңырау өткізілмесін": депутаттар үкіметке талап қойды

© Sputnik / Тимур БатыршинПоследний звонок 2020
Последний звонок 2020 - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Депутат емтихан уақытында 400 мыңнан астам жоғары сынып оқушыларына COVID-19 жұғу қаупі бар екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр — Sputnik. Nur Otan партиясының мәжілістегі фракциясы мектепте емтихан өткізбеуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, мамырдың соңында басталатын емтихандар жабық ғимаратта өтеді. Сол кезде республика бойынша 9 сыныпта 264 469 оқушы үш емтихан, ал 11 сыныпта 154 816 оқушы төрт емтихан тапсырады. Бұдан бөлек, осы шараларға педагогтар мен техникалық персонал қатысады. 

"Емтихандардың ұзақтығы 2 сағаттан 5 сағатқа дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Осы ретте, барлығын қосқанда, 400 мыңнан астам жоғары сынып оқушыларына COVID-19 жұқтыру қаупінің бар екеніне назарларыңызды аударамыз", - деді Сүлейменова мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда депутат вакциналаудың баяу атқарылып жатқанына да баса назар аударды. Ресми деректерге сәйкес, 10 мамырдағы жағдай бойынша 604 623 адам вакцинаның екі дозасын алған. Бұл - жалпы халықтың небәрі 3,2 пайызы.

Оқи отырыңыз: Оқушы бітіру емтихандарын өткізбеуді талап етті – білім министрлігінің жауабы

"Осындай вакциналау деңгейінің төмендігін ескерер болсақ, жабық кеңістіктерде ұзақ емтихан өткізу қаншалықты қисынды болмақ? Бүгіннің өзінде оқушылар арасында коронавирус фактілерінің орын алуына байланысты қорытынды аттестаттау емтихандарын және соңғы қоңырау жиынын өткізбеу керек деп санаймыз. Бұл ата-аналар тарапынан үлкен алаңдатушылық тудыруда. Бұдан өзге оқушылардың және мұғалімдердің денсаулығы басты назарда болуы қажет", - деп атап көрсетті Сүлейменова.

Депутаттар қорытынды аттестаттау емтихандарын былтырғы тәжірибе негізінде өткізуді ұсынып отыр. Ол кезде қорытынды бағалар оқу жылының тоқсандық бағалары бойынша шығарылды. Фракция мүшелері үкіметке депутаттық сауал жолдап, осы мәселе бойынша тиісті шешім қабылдауды талап етті.

Жаңалықтар
0