Қоғам

Түркістан мен Ыстамбұл арасында тікелей әуе рейсі ашылады

© Photo : PixabayВид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото
Вид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Бастапқыда рейстер аптасына бір рет орындалады

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. 22 мамырдан бастап Түркістан – Ыстамбұл бағытында жаңа рейс ашылады. Рейстерді Turkish Airlines әуе компаниясы орындайды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Ведомствоаралық комиссия екі түрік әуе компаниясына Түркістан – Ыстамбұл бағытында халықаралық тұрақты рейс ашуға және Шымкент – Ыстамбұл бағытында тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат берді.

Оқи отырыңыз: Түркияға баруды жоспарлап отырған қазақстандықтар нені білуге тиіс

Осылайша, Turkish Airlines әуе компаниясы 2021 жылдың 22 мамырынан бастап Түркістан – Ыстамбұл – Түркістан бағытында жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бастапқыда рейстер А-321Neo әуе кемесімен аптасына 1 рет орындалады.

Сонымен қатар түріктердің Pegasus Airlines  әуе тасымалдаушысы 2021 жылдың 23 мамырынан бастап Шымкент және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты рейстерді орындауды қайта бастайды. Рейстер бастапқы кезеңде B-737 әуе кемесімен аптасына 1 рет орындалады.

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай рейстер санын кезең-кезеңімен көбейту жоспарланған.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Жаңалықтар
0