Қоғам

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның мәйіті елге жеткізілді

© Photo : РixabayДевушка смотрит в окно
Девушка смотрит в окно - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Тбилисиге жұмыс істеуге кеткен Қазақстан азаматы Әсел Айтпаева тоғызыншы қабаттан құлап қайтыс болды. Ол небәрі 26 жаста еді

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр - Sputnik. Грузияда белгісіз жағдайда қайтыс болған Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваның денесі сәрсенбі күні ұшақпен Нұр-Сұлтан әуежайына жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасының хабарлауынша, мәйіт қыздың туыстарына әуежайда тапсырылды. Жерлеу рәсімі 12 мамырда Нұр-Сұлтан маңындағы Қабанбай батыр ауылында өтеді.

Бұған дейін 26 жастағы Әсел Айтпаеваның Грузияға автокөлік алып сататын компанияда жұмыс істеуге кеткені хабарланған болатын.

Оқи отырыңыз: "Қызымды өлтірді": белгісіз жағдайда көз жұмған қазақ қызының анасы Грузияға келді

Қазақстан азаматы 5 мамырда Тбилисиде уақытша тұрып жатқан жерінен өлі табылды. Марқұм 9 қабаттан құлап қаза тапқан. Грузия полициясы қылмыстық іс қозғады.

Алтыншы мамырда полиция Зугдиди қаласының 57 жастағы тумасы Бесик Тордуаны 26 жастағы қызды зорлау және өзін өлтіруге жеткізу ісіне күдікті ретінде ұстады.

Қыз өз-өзіне қол салған болуы мүмкін. Алайда Әсел Айтбаеваның анасы бұған сенбейді.

Жаңалықтар
0