ASHYQ қосымшасы

Ashyq арқылы адамның қай жерге барғанын бақылай ма министрлік жауабы

301
(Жаңартылды 09:08 14.05.2021)
Вице-министрдің айтуына қарағанда, Ashyq қосымшасы геоақпараттық жүйеге қосылмаған. Барлық ақпарат тек санитар дәрігерлерге ғана жіберіліп отырады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов Ashyq қосымшасына түсетін жеке мәліметтерді қорғау мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер Ashyq қосымшасы арқылы адамды бақылау жайын сұрады. "Бүгінде мемлекет осы қосымша арқылы адамның қай жерге және нешеде барғанын көре алады. Сонда арнайы органдар да бәрін бақылай ала ма?", - деді журналистер.

Вице-министр Әсет Тұрысовтың айтуынша, Ashyq қосымшасы GIS-ке, яғни геоақпараттық жүйеге қосылмаған. Барлық ақпарат тек санитар дәрігерлерге ғана жіберіледі. Олар "қызыл" және "сары" статустағы адамдарға қатысты шара қолданады.   

"Басқа еш жерге жіберілмейді. Бүгінде Ashyq қосымшасы тек ПТР-тест базасына ғана қосылған. Оны денсаулық сақтау министрлігі бақылайды. Базаға барлық зертхананың нәтижелері түседі. Тест тапсырған адам туралы ақпарат алдымен базаға, содан кейін Ashyq қосымшасына жіберіледі. Бұдан бөлек, науқастармен байланыста болған адамдар туралы база да бар. Ashyq оған да қосылған. Осылайша, "қызыл" және "сары" түске жататын адамдар анықталады ", - дейді Тұрысов.

Оның сөзіне қарағанда, Ashyq қосымшасына жүктелетін барлық жеке мәлімет "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамында сақталады. Компания ақпараттық қауіпсіздікке де жауап береді. Ал жеке мәліметтерді қолдану мәселесі заңмен реттеледі.

Оқи отырыңыз: Елордалық әуежайда Ashyq қосымшасы енгізілуде: жолаушы нені білуі тиіс

"Барлығы заң аясында жасалады. Онда жеке мәліметтерді таратуға тыйым салынған. Оны тек сотқа дейінгі тергеу кезінде немесе соттың шешімімен ғана алуға болады. Қазіргі тәртіп бойынша барлық ақпарат санитарларға жіберіледі. Ары қарай барлығы заңмен реттеледі", - деп атап көрсетті Тұрысов.

Вице-министр қосымшаны жүктемеуге де болатынын жеткізді. Ондайда қоғамдық орынға кіргенде ЖСН арқылы адамның қай түске жататынын тексертуге болады.

301
Кілт сөздер:
коронавирус, жеке ақпарат, мобильдік қосымша
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда 700-ден астам "қауіпті адам" анықталды 
Мәжіліс депутаты Ashyq қосымшасын сынап тастады
"Ashyq" қосымшасына вакциналау туралы ақпарат енгізілуі мүмкін
Көліктегі бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты: жолаушылар нені білуі керек
Архивтегі фото

Домбыраның шығу тарихын оқыған мәжіліс депутаты жағасын ұстады

122
Мақпал Тәжмағамбетова ол үкіметке депутаттық сауал жолдап, ағылшын тілі оқулықтарын қайта сараптауды талап етті 

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетова ағылшын тілі оқулықтарын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Депутаттың айтуынша, мұғалімдер мен ата-аналар арасында 1-сынып пен 5-сыныпқа дейінгі ағылшын тілін оқытуға арналған оқулықтар қызу талқыға түскен. Барлығы Jenny Dooley және Virginia Evans-тың авторлығымен "Экспресс Паблишин" баспасынан шыққан. Сыртқы мұқабасында "аударылған" деп жазылғанмен, аударма емес, шындыққа жанаспайтын мәліметтер қаптап жүр. Ал білім және ғылым министрлігі оған оң сараптама берген.

Оқи отырыңыз: Білім министрлігі атышулы орыс тілі оқулығының кем-кетігін түзетуге уәде берді 

"Кітаптың өне-бойынан қазақтың ұлттық ұғымына, дәстүрлі тәрбиесіне келмейтін, шет елдің идеологиясын насихаттайтын иллюстрациялар мен мәтіндерді көптеп кездестіруге болады. Ал енді мынаны қараңыз. Екінші сыныпқа арналған оқулықта ұлттық дәстүрдің қатарына пасха мен масленицаны енгізіпті. Мұны әрине, қазақстандық мерекелер деп көрсетсе түсінуге болады. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары деп жазылған тақырыпта шілдехана мен баланы қырқынан шығару сияқты салт-дәстүрдің жанында діни мерекелер неге жүр?", - деді Тәжмағамбетова мәжілістің жалпы отырысында.

Ал 5-сыныпқа арналған кітапта елде жоқ аңызды ойдан құрастырып, басып шығарған. Онда екі алып баланың оқиғасы баяндалады. Ағасы тастан көпір жасайды. Інісі екі жіпті ағашқа байлап, алып ән айтып жүреді-міс. Оны көрген ағасы: "Маған неге көмектеспейсің?!", - деп ашуланады да інісінің қолындағы әлгі ағашты тасқа ұрып сындырады. Содан інісі әнді қойып кетеді. Уақыт өте келе, таста қалған ізді байқаған бір халық бұл музыкалық аспап екенін анықтайды. Домбыра содан шыққан деп түсіндіреді.

"Бұл аңызды естігендеріңіз бар ма? Жасалу уақыты 2 мың жылдан ары Кетбұғы шерткен "Ақсақ құланнан" бастап, Құрманғазы, Дәулеткерей салған күй дәстүрі бүгінде ғаламшарды аралап жүр. Халқымыз қашанда домбыраны үкілеп төріне ілген. Бұдан арғысын сөз қылудың қажеті шамалы", - дейді Тәжімағамбетова.

Осыған байланысты ол үкіметке депутаттық сауал жолдап, ағылшын тілі оқулықтарын қайта сараптауды талап етті. Ал сараптамалық комиссияның құрамына тек ағылшын тілі мұғалімдерін емес, балалар психологынан бастап, суретші педагог, этнограф, иллюстратор, қазақ тілі мамандарын, әдебиетшілерді, тағы да басқа мамандарды енгізу керек.

"Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру кезеңінде мұндай оқулықтар Қазақстанның болашағына жауап беретін, өз Отанын қадірлейтін ұрпақты тәрбиелеу үшін өте маңызды", - деді депутат.

Айта кетейік, депутат Мақпал Тәжмағамбетова – Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, "Қазақстанның жүз жаңа есімі" жобасының жеңімпазы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы қоры ұйымдастырған "Алтын тобылғы" байқауының бас жүлдесін жеңіп алған. "Алақандағы бақыт", "Мен керекпін", "Аспантаудың көктемі", "Шоған абыз", "Ақ қанатты періште" атты жыр жинақтарының авторы. Жасы – 37-де.

122
Кадрлық ауыс-түйіс, иллюстративті фото

Цой отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сұраққа жауап берді

1020
Цой үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзге дейін 10 миллион адамға вакцина салу міндеті орындалмаса, отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Кез келген үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты. Сол себепті біздің жұмысымызға қандай баға берілсе, сондай шешім қабылданады", - деді Цой баспасөз мәслихатында.

Министр вакциналау жоспарының орындалуы әр қазақстандыққа байланысты екенін тағы бір мәрте атап өтті.

"Вакцина салу – ерікті дүние, сол себепті біз ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Тек түсіндіру жұмысын жүргіземіз, БАҚ өкілдерінен де ақпараттық қолдау көрсетуді сұраймыз", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Министр Райымқұлова орынбасарының ұсталуына қатысты: оставкаға кетуге дайынмын

Бұған дейін Алексей Цой қыркүйекке дейін 10 миллион адамды вакциналау жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді. Ол айына шамамен екі миллион адамға вакцина егілетінін айтты. Алайда жоспар орындалмай отыр: республика бойынша вакциналау қарқыны әзірге төмен.

16 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 587 884 адам вакцинаның бірінші компонентін алды, II компонент 1 480 309 адамға егілді.

1020
Кілт сөздер:
министр, отставка