Қазақстан президенті Нұр Астана мешітіне барды, архивтегі фото

Қазақстан президентін бірнеше елдің басшысы құттықтады

373
(Жаңартылды 19:49 13.05.2021)
Құттықтау хаттарында олар Тоқаевқа зор денсаулық, бақыт және табыс тілеп, ал Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр, деп хабарлады Ақорда.

Құттықтау хаттарында олар мемлекет басшысына зор денсаулық, бақыт және табыс тілеп, ал Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген.

Оқи отырыңыз: Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Иордания Королі ІІ Абдалла, Кувейт Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Кувейттің тақ мұрагері Машаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Иран президенті Хасан Рухани, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Йемен Президенті Абд Раббо Мансұр Хади, Сингапур президенті Халима Якоб, Сингапур премьер-министрі Ли Сянь Лун, Сингапурдің аға министрі - Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министрі Тео Чи Хин, сондай-ақ, Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев және Иерусалим патриархы III Феофил өздерінің құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Құттықтау хаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

373
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда айт намазы ашық аспан астында оқылды - видео
Ертең Ораза айт мерекесі басталады: бұл күні не істеуге болмайды
Бас мүфти қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Халық сыймай кетті: Нұр-Сұлтанда айт намазы қалай өтті – фото
Тоқаев бес елдің басшысымен телефон арқылы сөйлесті
Архивтегі фото

Домбыраның шығу тарихын оқыған мәжіліс депутаты жағасын ұстады

275
(Жаңартылды 16:08 16.06.2021)
Мақпал Тәжмағамбетова ол үкіметке депутаттық сауал жолдап, ағылшын тілі оқулықтарын қайта сараптауды талап етті 

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетова ағылшын тілі оқулықтарын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Депутаттың айтуынша, мұғалімдер мен ата-аналар арасында 1-сынып пен 5-сыныпқа дейінгі ағылшын тілін оқытуға арналған оқулықтар қызу талқыға түскен. Барлығы Jenny Dooley және Virginia Evans-тың авторлығымен "Экспресс Паблишин" баспасынан шыққан. Сыртқы мұқабасында "аударылған" деп жазылғанмен, аударма емес, шындыққа жанаспайтын мәліметтер қаптап жүр. Ал білім және ғылым министрлігі оған оң сараптама берген.

Оқи отырыңыз: Білім министрлігі атышулы орыс тілі оқулығының кем-кетігін түзетуге уәде берді 

"Кітаптың өне-бойынан қазақтың ұлттық ұғымына, дәстүрлі тәрбиесіне келмейтін, шет елдің идеологиясын насихаттайтын иллюстрациялар мен мәтіндерді көптеп кездестіруге болады. Ал енді мынаны қараңыз. Екінші сыныпқа арналған оқулықта ұлттық дәстүрдің қатарына пасха мен масленицаны енгізіпті. Мұны әрине, қазақстандық мерекелер деп көрсетсе түсінуге болады. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары деп жазылған тақырыпта шілдехана мен баланы қырқынан шығару сияқты салт-дәстүрдің жанында діни мерекелер неге жүр?", - деді Тәжмағамбетова мәжілістің жалпы отырысында.

Ал 5-сыныпқа арналған кітапта елде жоқ аңызды ойдан құрастырып, басып шығарған. Онда екі алып баланың оқиғасы баяндалады. Ағасы тастан көпір жасайды. Інісі екі жіпті ағашқа байлап, алып ән айтып жүреді-міс. Оны көрген ағасы: "Маған неге көмектеспейсің?!", - деп ашуланады да інісінің қолындағы әлгі ағашты тасқа ұрып сындырады. Содан інісі әнді қойып кетеді. Уақыт өте келе, таста қалған ізді байқаған бір халық бұл музыкалық аспап екенін анықтайды. Домбыра содан шыққан деп түсіндіреді.

"Бұл аңызды естігендеріңіз бар ма? Жасалу уақыты 2 мың жылдан ары Кетбұғы шерткен "Ақсақ құланнан" бастап, Құрманғазы, Дәулеткерей салған күй дәстүрі бүгінде ғаламшарды аралап жүр. Халқымыз қашанда домбыраны үкілеп төріне ілген. Бұдан арғысын сөз қылудың қажеті шамалы", - дейді Тәжімағамбетова.

Осыған байланысты ол үкіметке депутаттық сауал жолдап, ағылшын тілі оқулықтарын қайта сараптауды талап етті. Ал сараптамалық комиссияның құрамына тек ағылшын тілі мұғалімдерін емес, балалар психологынан бастап, суретші педагог, этнограф, иллюстратор, қазақ тілі мамандарын, әдебиетшілерді, тағы да басқа мамандарды енгізу керек.

"Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру кезеңінде мұндай оқулықтар Қазақстанның болашағына жауап беретін, өз Отанын қадірлейтін ұрпақты тәрбиелеу үшін өте маңызды", - деді депутат.

Айта кетейік, депутат Мақпал Тәжмағамбетова – Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, "Қазақстанның жүз жаңа есімі" жобасының жеңімпазы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы қоры ұйымдастырған "Алтын тобылғы" байқауының бас жүлдесін жеңіп алған. "Алақандағы бақыт", "Мен керекпін", "Аспантаудың көктемі", "Шоған абыз", "Ақ қанатты періште" атты жыр жинақтарының авторы. Жасы – 37-де.

275
Кадрлық ауыс-түйіс, иллюстративті фото

Цой отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сұраққа жауап берді

1702
Цой үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзге дейін 10 миллион адамға вакцина салу міндеті орындалмаса, отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Кез келген үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты. Сол себепті біздің жұмысымызға қандай баға берілсе, сондай шешім қабылданады", - деді Цой баспасөз мәслихатында.

Министр вакциналау жоспарының орындалуы әр қазақстандыққа байланысты екенін тағы бір мәрте атап өтті.

"Вакцина салу – ерікті дүние, сол себепті біз ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Тек түсіндіру жұмысын жүргіземіз, БАҚ өкілдерінен де ақпараттық қолдау көрсетуді сұраймыз", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Министр Райымқұлова орынбасарының ұсталуына қатысты: оставкаға кетуге дайынмын

Бұған дейін Алексей Цой қыркүйекке дейін 10 миллион адамды вакциналау жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді. Ол айына шамамен екі миллион адамға вакцина егілетінін айтты. Алайда жоспар орындалмай отыр: республика бойынша вакциналау қарқыны әзірге төмен.

16 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 587 884 адам вакцинаның бірінші компонентін алды, II компонент 1 480 309 адамға егілді.

1702
Кілт сөздер:
министр, отставка
Дворец Мира и Согласия

Қазақстанда 17 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 17 маусым – 6 шілде аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

17 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде, ZOOM арқылы, министрліктің Facebook және YouTube сайттарында тікелей эфирде өтеді. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды 10 маусымға дейін келесі байланыс құралдарын пайдалана отырып жібере аласыз: министрдің Ашық диалог порталындағы блогы, министрліктің ресми сайтындағы "сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау, электронды пошта: mti_press@mti.gov.kz, сонымен қатар министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы.

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – "Шәмші" спектаклі (Музыкалық жас көрермен театры, Ж. Омаров көшесі, 47Б).

19.00 – Джузеппе Вердидің "Травиата" операсы ("Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Светлые думы" пьесасы (Горький театры, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

21.00 – "Ұйқым келмейді" спектаклі (Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

АЛМАТЫ

12.00 – "Дюймовочка" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Мани, мани" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "Примадонны" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – "От D.SCH до A.SCH" концерті (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

19.00 – "Алматыдағы Інжіл кеші" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

18 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – "Еще раз о Русалочке" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

19.00 – "Светлые думы" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

19.00 – "Атамекен" концерті ("Астана" концерт залы, Кенесары көшесі, 32).

19.30 – "Жұлдызбен бір сахнада" атты жаңа жоба. Жаңа жобаның басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы бола алады. Әртістер өнер сүйер қауымға жақынырақ бола түсіп, жаңаша әсер мен ерекше көңіл-күй сыйламақ. Жоба аясында "Сиқырлы сазды" хор концерті өтеді. Көрермендер концерттік залға "Ashyq" қосымшасы арқылы кіре алады.  "Қазақконцерт" ОКЗ, Мәңгілік ел 10/1. Гүлназ Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru.

АЛМАТЫ

12.00 - "Аистенок и Пугало" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Жүрегімнің иесі" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "Көңілдес әйел" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

19.00 - "3 века классического романса" концерті (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

19.00 - "Восемь любящих женщин" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

20.00 – "Взломанный" қойылымы (BUNKER ART-баспана, Досмұхамедов көшесі, 78а).  

19 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Еще раз о Русалочке" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

12.00 – "Аффари" бизнес орталығының сахнасында жас көрермендерге арналған "Искусство дарят дети" концерті ("Астана Опера" әртістері)

17.00 - "Жұлдызбен бір сахнада" жобасы. Жобаның басты ерекшелігі - көрермендер музыка жауһарларын сахнада әртістермен бірге тыңдай алады. Жоба аясында "Сал домбыра" офлайн концерті өтеді. Концерттерге тұрғындар Ashyq қосымшасы арқылы кіреді ("QAZAQSTAN" орталық концерт залы, Мәңгілік ел көшесі, 10/1. Гүлнәз Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru. Электронды пошта: infoqazaqconcert@gmail.com).

21.00 – "Ұйқым келмейді" спектаклі (Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

АЛМАТЫ

12.00 – "Коза-Дереза" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

14.00 – "Вождь краснокожих" спектаклі ("ТеатРон" мәдени кеңістігі, Прокофьев көшесі, 144).

15.00 – "Ne prosto orchestra" оркестрі мен хорының орындауындағы "Наруто" және "Аватар" саундтректерінің концерті (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).

16.00 – "Каштанка" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.00 – "Соболлини" спектаклі (Ермашов атындағы әуесқой театр, Щепкин көшесі, 35).

18.00 – "Голубцы по объявлению" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).   

18.00 – "Вечер одноактных опер" концерті (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

18.00 – "Osborn" спектаклі (Республикалық неміс драма театры, Папанин көшесі, 70/1).

18.00 – "В.А.Моцарттың туғанына 265 жыл" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

18.30 – "Махаббат, қызық мол жылдар" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Сыған серенадасы" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "На троих" спектаклі ("ТеатРон" мәдени кеңістігі, Прокофьев көшесі, 144).

20.00 - "я (не) люблю Алматы" спектаклі (BUNKER ART-баспана, Досмұхамедов көшесі, 78а).

21 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

22 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде, ZOOM арқылы, министрліктің Facebook және YouTube сайттарында тікелей эфирде өтеді. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды 10 маусымға дейін келесі байланыс құралдарын пайдалана отырып жібере аласыз: министрдің Ашық диалог порталындағы блогы, министрліктің ресми сайтындағы "сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау, электронды пошта: mti_press@mti.gov.kz, сонымен қатар министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы.

25 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – "Жұлдызбен бір сахнада" атты жаңа жоба. Жаңа жобаның басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы бола алады. Әртістер өнер сүйер қауымға жақынырақ бола түсіп, жаңаша әсер мен ерекше көңіл-күй сыйламақ. Жоба аясында "На волне романтизма" концерті өтеді. Көрермендер концерттік залға "Ashyq" қосымшасы арқылы кіре алады.  "Қазақстан" ОКЗ, Мәңгілік ел 10/1. Гүлназ Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru.

26 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – "Жұлдызбен бір сахнада" атты жаңа жоба. Жаңа жобаның басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы бола алады. Әртістер өнер сүйер қауымға жақынырақ бола түсіп, жаңаша әсер мен ерекше көңіл-күй сыйламақ. Жоба аясында "№13" концерті өтеді. Көрермендер концерттік залға "Ashyq" қосымшасы арқылы кіре алады.  "Қазақконцерт" ОКЗ, Мәңгілік ел 10/1. Гүлназ Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru.

5 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

20.00 - "PICCOLO" театрының Гаетано Доницетитеатердің "Дон Паскуале" екі актілі драма-буфасы ("Астана Опера" әртістері).

6 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

Орталық қалалық саябақтың амфитеатр сахнасында мерекелік гала-концерт. Танымал опера ариялары мен дуэттер, қазақстандық авторлардың және Батыс Еуропа классикалық композиторларының ("Астана Опера" музыканттары) аспаптық және хор шығармалары ұсынылады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0