Документы

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжатты үйге жеткізу қызметі іске қосылды

6126
(Жаңартылды 14:11 14.05.2021)
Мемлекеттік корпорация жаңа қызмет қазақстандықтардың уақыты мен қаржысын үнемдейтінін айтты

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды клиенттің үйіне жеткізу қызметін іске қосты.

Оған 144 мемлекеттік қызмет қосылды. Оның ішінде жылжымайтын мүлікке құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу, жер учаскесінің актісі, білім туралы құжатты апостильдеу, мұрағат анықтамалары, әскери билеттің телнұсқасын беру секілді құжаттар бар.

Жақында жүргізуші куәлігін, жеке куәлікті, паспорт секілді құжаттарды үйге дейін тапсырыспен жеткізу қызметі іске қосылады. 

"Құжаттарды үйге жеткізу сервисін өткен жылы сынай бастадық және біртіндеп оны жетілдіріп келеміз. Бұл клиенттердің мемлекеттік қызмет алуын жеңілдетіп, қаржысы мен уақытын айтарлықтай үнемдейді. Қазір сервис алматылықтар мен елорда тұрғындары үшін қолжетімді, жақын арада сервисті өзге қала тұрғындары да пайдалана алады", - деді  "Азаматтарға арналған үкіметтің" басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Құжаттарды үйге жеткізуге қалай тапсырыс беруге болады

Құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің қажетті мекенжайына құжаттарды жеткізуді рәсімдеуді ұсынатын веб-сілтемесі бар SMS жолданады.

Қызмет ақылы, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.

Құжаттарды жеткізу бойынша пилоттық жоба бір ай бұрын астаналық халыққа қызмет көрсету орталығының бірінде іске қосылды. Курьерлік қызмет арқылы 50-ден астам құжат жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі декреттік жәрдемақыны рәсімдеуге қатысты жаңа мәлімет таратты

2020 жылдың қазанында еgov.kz электронды үкімет порталында осыған ұқсас қызмет пайда болды – ол кезде автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен дайын техникалық паспортты үйге жеткізу сервисі іске қосылған болатын.

6126
Кілт сөздер:
төлқұжат, құжат, Азаматтарға арналған үкімет
Тақырып бойынша
Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тәртібі өзгереді
Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады – Смайылов
Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО істен шықты: басшылық себебін түсіндірді
Жаңа өзгерістер енгізілді: қазақстандық жүргізушілер нені білуге тиіс
архивтегі сурет

Алматыда көмілген мәйіттер табылды: полиция содырлардың кім екенін анықтады

6598
(Жаңартылды 21:44 20.01.2022)
Сот-медициналық сараптамалар Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүргізілетін болады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы полиция департаменті террористік шабуылға қатысқандар көмілген орындағы мәйіттердің жеке басы анықталғанын хабарлады.

"Олардың жеке басы анықталды. Сот-медициналық сараптамалар Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүргізілетін болады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек биыл 4-8 қаңтарда қалаға террористік шабуыл жасауға қатысқандардың мәйіті көмілген орынның табылғаны туралы ақпаратты растады.

Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстар жағасып жатыр.

"Иә, растаймыз. Расында да мәйіттер табылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Сондықтан мәйіт саны қанша екенін нақты білмейміз. Жедел тергеу тобы жұмыстарды аяқтағаннан кейін толық ақпарат ұсынылады", - деді Салтанат Әзірбек Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Оның айтуынша, тергеу барысында содырлардың кім екені және олардың қай діни ағымды ұстанғаны анықталады.

6598
Кілт сөздер:
Алматы, терракт, мәйіт

Көлігі өртенген қазақстандықтар кредитін әрі қарай төлеуі керек пе

100
(Жаңартылды 18:15 20.01.2022)
соңғы деректер бойынша Алматыдағы бүлік кезінде бизнеске 112,6 миллиард теңге шығын келді. Оның 1,9 миллиард теңгесі көліктерге тиесілі

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев жаппай тәртіпсіздік кезінде автокөлігі өртенген қазақстандықтар не істеуі керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер агенттік өкілінен тәртіпсіздіктер кезінде кредитке алған автокөлігі өртенген азаматтар не істеуі керек деп сұрады.

"Кредитке сатып алынған барлық автокөлік сақтандырылған. Әр келісімшартты жеке-жеке қарастыру қажет: төлемді жүзеге асыру үшін қандай негіздеме, ерекшелік бар, зерделеу керек. Сол себепті агенттік сақтандыру компанияларымен бірлесіп, сақтандыру жағдайы туындаған, бекітілген барлық сақтандыру полюсі бойынша төлемді іске асыру үшін түбегейлі шаралар қабылдайды", - деді ол.

Терентьевтің айтуынша, егер банк төлем жасамаса, сақтандырылған әр қазақстандық сақтандыру омбудсменіне, сондай-ақ қаржылық қадағалау агенттігіне жүгіне алады. Олар әр азаматтың өтінішін қарайды.

Айта кетері, соңғы деректер бойынша Алматыдағы бүлік кезінде бизнеске 112,6 миллиард теңге шығын келді. Оның 1,9 миллиард теңгесі көліктерге тиесілі.

Оқи отырыңыз: Тәртіпсіздіктен зардап шеккендер кредит төлеу мерзімін шегере алады

 

100
Кілт сөздер:
көлік, кредит
АҚШ туы

АҚШ Ресеймен соғысуды қалай ма БАҚ

0
Пентагонға қызмет ететін Гудзон институтындағы аналитиктер тез арада америкалық орташа қашықтыққа ұшатын зымырандарды Ресей шекарасын бойлай орналастыруға және НАТО әскерін Сувалки дәлізіне жөнелтуге кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Батыстағы элита БАҚ-та ақпараттық шу шығарып, Украинаны Ресейден "құтқарып" жатқан шақта америкалық әскерилер өз шаруаларын тындырып жатыр, деп жазды РИА Новости.

НАТО Біріккен қарулы күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Филипп Бридлав Еуропада америкалық заманауи стратегиялық көлік ұшақтары мен жанармай тасымалдайтын ұшақтардың жоқ екеніне шағымданды. Ол ұшақтар әуедегі НАТО басымдығын қамтамасыз ететін еді. Алайда кімнен басым түсу қажет? Генерал Бридлав Ресеймен соғысты жоспарлап отырғаны анық.

Ол 2014 жылы НАТО Әуе күштеріне қолбасшылық еткен шақта "сыпайы адамдардың" Қырымға қонуын байқамаған сыңай танытты. Ол сол кезде ашуға мініп, Ресейдің айыру белгісі жоқ әскерді қолдануын ең таңғаларлық блицкирг деп бағалады. Ол бүгінгі жағдайды сол оқиғаның есесін қайтарудың мүмкіндігі ретінде қарастыратын секілді.

Пентагонға қызмет ететін Гудзон институтындағы аналитиктер тез арада америкалық орташа қашықтыққа ұшатын зымырандарды Ресей шекарасын бойлай орналастыруға және НАТО әскерін Сувалки дәлізіне жөнелтуге кеңес береді. Бірақ олар Сувалки дәлізі Белоруссия мен Калининград облысының арасында 65 километрге созылып жатқан аумақ екенін біле ме? Бір жағында Литва болса, екінші жағында Польша орналасқан. Картада бәрі анық көрсетілген. Сонда Украинаның бұған не қатысы бар?

Шындығында Украинаның ешқандай қатысы жоқ және көп уақыттан бері барлығы ашық әрекетке көшті. Америкалықтар Ресеймен соғысуды көздеп отыр. "Тежеу" – бұл сыпайы эвфемизм. АҚШ Украинаны да Балтық маңы елдері секілді қажеттілігіне қарай қолданады. Территориясын әскери әрекеттер театры ретінде, халқын соғыс кезіндегі адам шығыны ретінде, елдегі билікті өз дегенін бұлжытпай орындайтын "одақтас" ретінде қолданады.

Америкалық әскеридің жоспары олар өз одақтастарын аса бағаламайтынын айғақтап тұр. Себебі Украина барлық стратегиялық шараларда атүсті аталады. Украина үшін Ресейді тежеу туралы бірер сөз айтылса, одан кейінгі жоспар ауқымдылығымен таңғалдырады. Сувалки дәлізі, тасымалдаушы ұшақтар, "die erste Kolonne marschiert, die zweite Kolonne marschiert..." Балтық елдеріндегі оқиға қайталанып жатыр.

Соңғы отыз жылда кейбір лимитрофты елдерде ұлтшылдықты тым асқақтатып жібергені соншалық, жергілікті тұрғындар қарапайым нәрсені елемей отыр. Олар өзерінің ұлттық ерекшеліктерін айтып, қанша мақтанса да, америкалықтар оларды әрдайым "орыстар" ретінде ғана қабылдайды. Немесе "кеңестік" деп қарастырады, айырмашылығы жоқ.

Бір кездері Еуразияның жүрегі болған одаақтың елдері біртұтас болған шақта ешкімге жеңістік бермейтін. Ресей шекарасын бойлай орналасқан халықтарға "дербес ұлтшылдық" таңу үшін бүтіндей сарапшылар институты ондаған жылдар бойы жұмыс істеп жатыр.

Украинаны Ресейден қорғау бойынша батыстағы әріптестердің іс-әрекеті жаға ұстатарлықтай. Себебі бейбітшілікке апаратын жол – бұл келіссөз, келісімді әзірлеу және сақтау емес пе? Ал америкалықтар Украинаға әскери техника жөнелтіп, ағылшындар танкіге қарсы зымырандармен жабдықтап жатыр. Ал Канада арнайы мақсаттағы әскер жасағын осы іске жұмылдырды. Американың Орталық барлау қызметі украин сарбаздарын арнайы даярлықтан өткізіп жатыр. Тіпті немісер де атсалысып жатыр. Олар украин әскерилеріне медициналық көмек көрсетуде.

Егер шындықты бүкпесіз баяндасақ, онда АҚШ үстемдігімен батыс елдердің Украинаны оккупациялауы баяу, бірақ табанды түрде жүріп жатыр. Украинаның бұл мәселеде өз есебі болғаны анық. Олар 2014 жылы осындай бір есепті жүзеге асырды: украиндер америкалықтардың ықпалына көшіп, есесіне солардың қаржысына иек артуға, ал өздерін Ресейден қысым көріп жатқан ел ретінде танытуды көздеді. Соғыс басталғалы жатыр деп дабыл қағып, бірақ ол соғысқа өзіміз қатыспаймыз деп жоспарлады.

Мәскеу көрінісі
© Sputnik / Наталья Селиверстова

Бірақ Ресей көршісі америкалықтар оларға қарағанда есепке жүйрік екенін ескермеді. Себебі украиндер міне, соғыс табалдырығында тұр. Елге аштық пен кедейлік қаупі төнді. Ресейді елемеуге тырысқан Украина өзі құрған қақпанға өзі түсті.

Егер 2014 жылы Украина Майданға мән бермей, Ресеймен тату қарым-қатынасты ұстана берсе, онда сол кездегі қақтығыс кезінде көз жұмған кемінде он төрт мың адам қазір тірі жүрер еді. Ел экономикасы құлдырамас еді және газ бағасы Ресейдегідей, яғни қазіргі өлшем бойынша нөлге тең дәрежеде болар еді.

Бір қызығы, әлемде тек Ресей ғана Украинаны қаз-қалпында, ел ішінде ешқандай жаңашылдық енгізбей-ақ, өзіндік атмосферасымен қабылдады. Ал басқалары бұл елді кезінде Ресейден бөлініп шыққан және ескіліктің заманында қалып кеткен түсініксіз аумақ ретінде қарастырды.

Батыстық басқыншылар жергілікті халыққа қатысты аяушылық пен адамгершілік танытады дегенге сену қиын. Себебі Донбастағылар жас гвардияшыларды әлі ұмытқан жоқ. Бабий Яр әлі де Киевтің жадында. Сол себепті орыстар бүгінде болып жатқан қатыгездікке абыржып отыр.

Украина Қарулы күштері мектептерді оқ ату және соғыс жүргізу орындары ретінде қолдануға көшті. Уукраина артиллериясы Донбастағы жүзден астам бейбіт тұрғынның көзін жойды. Одессадағы Кәсіподақтар үйінде ондаған адам тірідей өртелді және соққыға жығылды. Шаңқай түсте сәбиімен бірге өлтірілген жас әйелдің суреті бүкіл әлемге тарады.

Адам айтса сенгісіз бұл жағдай бүгінде Украинаның ақиқатына айналды. Ал америкалықтар "Ресей Украинаға шабуыл жасауға дайындалып жатыр" деп әлемді дүрліктіруін қояр емес. Ал шындығында америкалықтар мен еуропалықтардың Украинаға басып кіруін әлдеқайда бұрын болып қойған еді.

Енді бүгінде украин халқы кедейлік пен аштықтың қарсаңында тұр. Енді бұл сұрапылдан украиндерді кім құтқарады?

0
Кілт сөздер:
АҚШ, Ресей, соғыс