Қоғам

Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды

© REUTERS / AGUSTIN MARCARIANМедик в защитном костюме изучает содержимое пробирки с ПЦР-тестом на коронавирус
Медик в защитном костюме изучает содержимое пробирки с ПЦР-тестом на коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Жазылу
Дәрігерлер екпеден кейін сақтық шараларын сақтауға кеңес беріп отыр. Себебі иммунитет біршама уақыттан кейін қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр — Sputnik. Қазақстанда вакцинаның екі бірдей дозасын алғандардың ішінде 44 адам коронавируспен ауырып қалған. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг орталығы филиал директорының орынбасары Манар Смағұл мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жалпы, Қазақстан Республикасында вакцинаның екінші компонентін салдырғаннан кейін 44 адам ауырып қалған. Бұл – ресми түрде тіркелген жағдайлар", - деді Смағұл орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде коронавирусты жұқтырудың әрбір жағдайы жан-жақты зерттеледі. Ал вакциналау басталғалы бері науқастың екпе алғаны, я болмаса, алмағаны міндетті түрде тексеріледі.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы 

Айта кетейік, Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны вакцинадан кейін коронавирусты қалай жұқтырғанын айтып берді.

Ал дәрігерлер екпеден кейін сақтық шараларын сақтауға кеңес беріп отыр. Себебі вакцина салдырған соң, біршама уақыт өтуі керек. Сол кезде вирусқа қарсы иммунитет қалыптасады.

Жаңалықтар
0