Қоғам

Күн салқындайды: үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

© AFP 2024 / KIRILL KUDRYAVTSEVЧеловек под зонтом проходит мимо цветущего каштана
Человек под зонтом проходит мимо цветущего каштана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2021
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып, шығыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 18-20 мамырда ауа райы қандай болатынын болжады.

Лето, погода - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2021
Өңірлер
Мамырда ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы жарияланды
Метеорологтардың мәліметіне сәйкес, апта ортасында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып, кей жерлерде күн күркіреп, шығыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр жауады.

"20 мамырға қарай еліміздің оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 19 мамырдан бастап Салехард аумағынан суық антициклонның ығысуына байланысты күндізгі ауа температурасы солтүстікте 12-17, орталықта 15-20, кей жерлерде 12, шығыста 10-15, кей жерлерде 7 градус жылыға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Республикада кей аумақтарда жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

Жаңалықтар
0