Қоғам

"Ты супер!" балалар ән байқауына кастинг жарияланды

© Sputnik / Илья ПиталевПроект "Ты супер"
Проект Ты супер - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Жазылу
"Ты супер!" балалар музыкалық байқауының бесінші маусымына кастинг жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. НТВ телеарнасы мен Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған "Ты супер!" халықаралық вокал конкурсының бесінші маусымына кастинг жариялады.

Жобаға ән айту қабілеті бар және балалар үйінде, бала асырап алған, көпбалалы және қамқоршылық отбасындағы, сондай-ақ отбасындағы қиын жағдайға байланысты мектеп-интернатта тұратын балалар қатыса алады.

Байқаудың іріктеу принципі бұрынғыдай: Ресей және ТМД елдерінің кез келген қаласындағы бала асырап алған және көпбалалы отбасындағы, мектеп-интернат және балалар үйінің 7-18 жас аралығындағы тәрбиеленушілері "Ты супер!" жобасына қатыса алады.

Кастингке қатысу үшін Sputnik редакциясының astana@sputniknews.com электрондық поштасына мыналарды жолдау керек:

  • Кастингке қатысушының өзін таныстыратын видео (аты-жөні, жасы, қаласы және статусы: балалар үйінде/интернатта/бала асырап алған /қамқоршылық көрсететін отбасында тұратыны айтылуы керек) және бала өнер көрсетіп жатқан бірнеше жазба. Конкурстарға қатысу кезінде түсірілген видеоларды да жолдауға болады.
  • Толтырылған өтінімді.

Бірінші іріктеу кезеңінің нәтижесі 2021 жылдың жазында белгілі болады.

Оқи отырыңыз: Sputnik жобасы байқауға қатысушылар өмірін қалай өзгертті - видео

"Ты супер!" балалар музыкалық байқауы тұңғыш рет 2017 жылдың 11 ақпанында өтті. Алғашқы эфирден-ақ бұл жоба дарындылар арасындағы ең танымал шоуға айналды. "Ты супер!" жобасы екі жылдың ішінде 174 жас жұлдыздың вокалдық дарынын ашуға және кәсіби музыкалық салаға алғашқы қадам жасауына көмектесті. Кейбір қатысушылардың армандары орындалып, олар ата-аналарымен қауышты.

"Ты супер!" жобасына қатысқандар түрлі музыкалық, соның ішінде халықаралық байқаулардың қонағы болып жүр. Аталған байқаудың екінші маусымында жеңіске жеткен Диана Анкудинованың өнер көрсетуі 2018 жылы ресейлік YouTube сегментінде ең көп қаралған видеолардың бірі болды.

"Ты супер!" халықаралық байқауын Ресей Федерациясы ағарту министрлігінің қолдауымен НТВ телеарнасы және Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы өткізеді.

НТВ сайтындағы анкеталарға сілтеме:

https://www.ntv.ru/peredacha/Super/internal/57481/

https://www.ntv.ru/peredacha/Super/texts/72220

Жаңалықтар
0