Фархат Абдраимов

Танымал актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды

2324
(Жаңартылды 13:15 21.05.2021)
Қазақстандық актер әрі продюсердің Грузияда "Больше, чем любовь" фильмінің түсірілімі кезінде қайтыс болғаны хабарланды

АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстандық актер Фархат Әбдірайымов 55 жасында қайтыс болды. Қаралы хабарды Sputnik Қазақстан тілшісіне "Қазақфильм" киностудиясы растады.

Қазақстанның мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандық актер әрі продюсердің Грузияда "Больше, чем любовь" фильмінің түсірілімі кезінде қайтыс болғанын айтты.

Ал Әбдірайымовтың туыстарының хабарлауынша, актердің қазасына инфаркт себеп болған. Актерді ақтық сапарға шығаратын күн мен орны қосымша хабарланады.

Актер туралы не білеміз

Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Алматы технологиялық университетін бітірген.

Фархат Әбдірайымовтың кинодағы дебюті 1996 жылы "Кімнің жаны нәзік болса" Қазақстан мен Ресей бірлесіп түсірген фильмдегі рөлі болды. Осы рөлі үшін ол "1996 жылдың үздік актері" ретінде Ресейдің кино басылымының сыйлығын алды.

1999 жылы Әбдірайымов "Фара" фильмінде басты рөлді сомдап, Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде үздік ер адам рөлі үшін жүлдеге ие болды. 

Оқи отырыңыз: Танымал актер Сейфуллин Жолбарысқа араша түсті

2000 жылы "Алтын адам" байқауында әртіс "Жыл киножұлдызы" атанды. 2003 жылы Қазақстан президентінің құрмет грамотасымен марапатталған ол Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі болды. 

2324
Кілт сөздер:
актер
Тақырып бойынша
Қазақстандық танымал актер мен жас әнші шаңырақ көтерді
Танымал актер 90 жасында алтыншы рет әке атанды
Белгілі актер Василий Лановой өмірден өтті
Белгілі қазақстандық актер қайтыс болды
Актер Болат Әбділманов: Халық әртісі емес, халықты қанаушылар
Жайық өзені, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр

5
Бұл жұмыс гидрологиялық режимді және трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталды.

Экология министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаевтың айтуынша, 2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр.

"Экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясында Жақанбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың 29 жылдық тәжірибесі   мемлекетаралық су бөлу мен су қоры ресурстарының күрделі мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік бергенін айтты.  

Оның пікірінше, Жайық өзені суының азаю мәселесін бірлесіп шешу жемісті ынтымақтастықтың дәлелі болмақ. Соңғы жылдары Жайық трансшекаралық өзені ағынының азаюы мен су ресурстары және экожүйелер жай-күйінің нашарлау тенденциясы алаңдаушылық туғызып отыр, деп толықтырды спикер.

"Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан Ресей Федерациясымен алты негізгі трансшекаралық бассейн бойынша ынтымақтасады: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қараөзен мен Сарыөзен, Қиғаш, деп нақтылады Жақанбаев.

Тараптар 2000-2015 жылдар аралығында бұрынғы Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аумағындағы сынаппен ластану ошағындағы жер асты және жер үсті суларына бірлескен мониторинг жүргізді. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде "топырақтағы қабырға" әдісімен жылыстауға қарсы перденің құрылысы аяқталды, ластану ошағынан Ертіс өзенінің шетіне дейін 30 бақылау ұңғымасы бұрғыланды.

Аймақаралық ынтымақтастық форумы 28-30 қыркүйекте онлайн режимінде өтеді.  

5
Мотоциклші, архивтегі сурет

Алматыда мотоциклдердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

19
(Жаңартылды 17:53 28.09.2021)
Қаулы жобасы Алматының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағын құруды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында кешкі сағат оннан  таңғы тоғызға дейінгі аралықта мотоциклдердің жүруіне тыйым салу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігі Алматыда жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы қаулы жобасын әзірледі.

"Алматы қаласының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағы құрылсын. Жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағында сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Алайда бұл тыйымның мына көліктерге қатысы жоқ:

  • электр қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін мотоциклдер;
  • түсті графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар жедел және арнайы қызмет көліктері.

Заңға сәйкес, мотоцикл деп уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуге жататын, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу шақырымнан асатын мотоциклдерді атайды.

"Қаулы жобасы түнгі уақытта қала тұрғындарына шу жүктемесін азайту мақсатында әзірленді. Мотоциклдер қозғалысын ұйымдастыру мәселесін шешудің қажеттілігі мен тиімділігі Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерімен негізделген және халықтың шағымдарымен расталады", - делінген түсіндірме жазбада.

Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 12 қазанға дейін созылады.

Оқи отырыңыз: 

19
Кілт сөздер:
мотоцикл, Алматы, шектеу, жол
 Елбасы Астана Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалық институты ЖШС-да болды

Нұр-Сұлтанның даму барысын үнемі қадағалап отырамын Назарбаев

4
Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Бас жоспары" ғылыми-зерттеу жобалық институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлады Elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш президенті елордада туристік, мәдени және әлеуметтік жаңа нысандар салу жоспарымен танысты.

Алтай Көлгінов аудандар құрылысының барысы, қаланы көгалдандыру процесі жайлы, сонымен қатар денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және орта білім беру нысандарының, спорт ғимараттары мен коммерциялық орындардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сондай-ақ Елбасы назарына елорданың жаңа мешіті мен ЭКСПО ауданына іргелес аумақта жүргізілетін құрылыс пен абаттандыру жобалары ұсынылды.

"Мен үшін бұл қаланың орны бөлек. Оның даму барысын үнемі қадағалап отырамын, болашағы туралы көп ойланамын. Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған. Кейбір ғалымдар бұл жерге ағаш өспейді деген еді. Алайда елорда аз уақыт ішінде айналасын "жасыл белдеу" қоршаған ірі мегаполиске айналды", – деп түйіндеді Елбасы.

Оқи отырыңыз:

4