Қоғам

"Грэмми" сияқты: Imanbek тағы бір жүлдені жеңіп алды

© Photo : Pavlodarnews.kz"Грэмми" иегері Иманбек Зейкенов
Грэмми иегері Иманбек Зейкенов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
Ақсулық диджей Imanbek (Иманбек Зейкенов) Billboard Awards марапатын иеленді

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстандық диджей Imanbek (Иманбек Зейкенов) тағы бір беделді марапаттың иегері атанды.

"Billboard Awards марапатын алдым, бұл Grammy сияқты. Қоржынға + 1", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Imanbek Musiс (@imanbekmusic)

Billboard Awards – әртістердің музыкалық чарттардағы жетістігі үшін берілетін жүлде. Оны америкалық Billboard музыкалық баспа басылымы табыстайды.

Диджейдің айтуынша, ол жүлдені Saint Jhn орындайтын "Roses" әнінің ремиксі үшін "Үздік би/электронды ән" номинациясы бойынша жеңіп алған.

Еске салсақ, бұған дейін осы трек үшін Imanbek "Грэмми" сыйлығын иеленді. Ол осы марапатқа ие болған алғашқы қазақстандық атанды. Иманбекті жеңісімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Жаңалықтар
0