Қоғам

Министрлік Ashyq-тағы ақау үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады

© Sputnik / Владислав ВодневПриложение ASHYQ
Приложение ASHYQ - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
Енді мобильді қосымшадағы техникалық ақауларға "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясы жауап береді

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Ashyq қосымшасындағы ақау үшін азаматтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Әсет Тұрысовтың айтуынша, мобильді қосымшаның істен шығуына жобаның мемлекетке өтуі себеп болған. 

"Соңғы күндері Ashyq жүйесінде ақаулар мен техникалық проблемалар байқалды. Сіздерден келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Неге бұлай болды? Ashyq жүйесі мемлекетке өтті. Біз мүліктік құқықтарды өзімізге алдық, сол себепті соңғы күндері жүйе операторға –  "Ұлттық ақпараттық технологияларға" толығымен өтіп, бейімделді", - деді ол брифингте.

Ол енді техникалық ақауларға "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясы жауап беретінін атап өтті.

Сонымен қатар вице-министр қазақстандықтар өз статусын Ashyq қосымшасының баламасы – Aitu арқылы тексере алатынын еске салды.

"Егер Ashyq қосымшасымен қандай да бір проблема туындаса, Aitu жүйесін жүктеп, статусты тексеріп, мекемеге кіре аласыз", - деді министрдің орынбасары.

Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео

Бұған қоса, министрлік басқа да мобильді қосымшалардың өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатыр.

"Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, екінші деңгейдегі банктермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Нәтижесінде сервис басқа танымал қосымшаларда қолжетімді болуы мүмкін", - деді ол.

Еске салсақ, 20 мамырда Ashyq қосымшасы істен шықты.

Жаңалықтар
0