Қоғам

Министр Димашқа Тоқаевтың хатын тапсырды

Димаш Құдайберген  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
Мəдениет министрі танымал əнші Димаш Құдайбергенді қабылдап, туған күніне орай мемлекет басшысының құттықтау хатын табыстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады. Президенттің құттықтау хатын әншіге мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова табыстады.

"Құрметті Димаш! Жас кезіңнен өнер жолын таңдап, үздіксіз еңбектің нəтижесінде үлкен белестерді бағындыра білдің. Алдымен республикалық, кейін халықаралық байқауларда дара шықтың. Əн арқылы ұлттық құндылықтарымызды дəріптеп, қазақтың тілін, қоңыр домбырасын, ізгі дəстүрлерін əлемге танытып келесің. Алдағы уақытта еліміздің рухани-мəдени саласын өркендетуге мол үлес қосып, білімің мен кəсіби біліктілігіңді жетілдіре беретініңе сенім артамын. Өзіңе денсаулық, жаңа табыстар тілеймін!",- делінген Тоқаевтың хатында.

Ақтоты Райымқұлова да туған күн иесін құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Министр бүгінде Димаш жаһан халықтары сүйіп тыңдайтын əншіге айналғанын атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QR Mádenıet, sport mınıstrlіgі (@msm.govrk)

"Сіз бағындырған биік белестер мен толағай табыс ізіңізден ерген жастар үшін үлгілі сүрлеу", - деді ведомство басшысы.

Айта кетсек, бүгін, 24 мамырда Димаш Құдайберген 27 жасқа толды.

Әншінің әкесі Қанат Айтбаев Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында Димаштың туған күнін қалай тойлатынын айтып, шығармашылығындағы жаңалықтарын бөлісті.

Жаңалықтар
0