Қоғам

Коронавируспен ауыру 20%-ке төмендеді – Цой

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на пешеходном переходе
Люди в масках на пешеходном переходе - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
5 мамырдан бастап тәулігіне індеттен жазылған науқастар саны вирус жұқтырғандар санынан асып түсіп жатыр, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, қазір эпидемиологиялық ахуалдың біртіндеп тұрақтануы байқалады.

"Сәуірдің аяғы және мамырдың басындағы апталық ауыру деңгейімен салыстырғанда, соңғы аптада вирус жұқтырғандар саны 4 мыңға азайды. Жалпы соңғы айда коронавируспен ауыру 20 процентке төмендеді", - деді Цой үкімет отырысында.

25 мамырдағы жағдай бойынша республикада инфекциялық төсек-орындар 33%-ке (12 452) толы және мамырдың басымен салыстырғанда 8%-ке төмендеді. Ал реанимациялық төсек-орындардың 26%-і (873) бос емес.

"5 мамырдан бастап тәулігіне індеттен жазылған науқастар саны тәулігіне вирус жұқтырғандар санынан асып түсіп жатыр. Бұл да эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанып келе жатқанын көрсетеді", - деді министр.

Цой бірінші ақпаннан бері 2 015 053 қазақстандықтың вакцинаның бірінші компонентін салғызғанын атап өтті. Бұл коронавирусқа қарсы вакцина алуға тиіс халықтың 20%-і. Екінші компонент 949 802 адамға егілді.

Жаңалықтар
0