Қоғам

Қатты өкінесіз: әлеуметтік желіде немен мақтануға болмайды

© Sputnik / Владислав ВодневТелефон, архивтегі сурет
Телефон, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2021
Жазылу
Group-IB өкілі әлеуметтік желі қолданушыларына арналған ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Group-IB компьютерлік криминалистика зертханасы басшысының орынбасары Сергей Никитин Sputnik радиосына берген сұхбатында әлеуметтік желідегі кейбір жазбалар неге қаскөйлердің назарын аударуы мүмкін екенін айтты.

Ол ұшақ билеті мен отырғызу талонының суретін әлеуметтік желіге салмауға кеңес берді. Айтуынша, онда көрсетілген ақпарат әуе компаниясының сайтындағы жеке кабинетке кіруге мүмкіндік береді. Ал жеке кабинетте жолаушының төлқұжатындағы мәліметтер, пошта мен нөмір сақталған. Бұзақылар броньды, тіпті, алып тастауы немесе жолаушыны борттағы басқа орынға отырғызуы мүмкін.

Бұдан бөлек, сарапшы концерт билеттерін де желіге шығармауды ескертті.

"Қазір концерт билеттерінің бәрі дерлік – бұл QR-код және олар бірреттік. Бұл дегеніңіз, кім көрінген сіздің билетіңізді алып, онымен кіріп кете алады, ал сіз ештеңе дәлелдей де алмайсыз", - деді Никитин.

Тағы оқыңыз: Маман әлеуметтік желіде қандай суретті мүлдем бөлісуге болмайтынын айтты

Пост жариялағанда геобелгілерге де мұқият болған жөн. Себебі кейбір қылмыстық топтар қолданушылардың геолокациясын аңдиды. Мысалы, олар қала сыртына шыққанда, пәтерін тонап кетуі мүмкін.

"Ерекше қымбат автокөліктер мен олардың тұрағын да бақылауы мүмкін. Егер сіз фотоны геолокацияны көрсетіп жарияласаңыз, бұл қаскөйлердің өмірін жеңілдетеді", - деп түсіндірді маман.

Сарапшы мұндай дүниелерді бөліскісі келетін адамдарға әлеуметтік желіде тек достарға көрінетін аккаунт ашуға кеңес берді.

Жаңалықтар
0