Қоғам

Қазақстанда 99 жастағы соғыс ардагері коронавирусты жеңіп шықты

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиАлександра Капустина
Александра Капустина - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2021
Жазылу
Қария ауруханаға өте ауыр хәлде түскен, екі аптадан кейін ардагер дертінен емделіп шықты

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында 99 жастағы ардагер Александра Капустина коронавирустан жазылып шықты. Ардагерді аурухана дәрігерлері ерекше қошаметпен шығарып салды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Леңгір қаласының тұрғыны Александра Капустина 1922 жылы дүниеге келген, Ұлы Отан соғысының ардагері.

Оған COVID диагнозы осыдан екі апта бұрын қойылған.

"Науқастың дене қызуы көтеріліп, өкпесі қабынып, әлсіреген. Ол шұғыл түрде Леңгір қалалық ауруханасына жатқызылды. Ауруханаға науқас екі жақты полисегментарлы пневмониямен түсті", - делінген хабарламада.

Тиісті емнің арқасында қария екі аптадан кейін коронавирустан құлан-таза айықты. Оған, тіпті, жасанды тыныс алдырту аппараты да қажет болмаған.

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиАурухана дәрігерлері ардагерді ерекше қошаметпен шығарып салды
Қазақстанда 99 жастағы соғыс ардагері коронавирусты жеңіп шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2021
Аурухана дәрігерлері ардагерді ерекше қошаметпен шығарып салды

"Госпитальге өте ауыр халде түстім. Өзімді нашар сезініп, өте мүшкіл хәлде едім. Мені шұғыл түрде осында алып келіп, емдеді. Мұнда мен адамның адамға деген қамқорлығын сезіндім. Барлық дәрігерге алғыс айтамын",-дейді 99 жастағы соғыс ардагері.

Тағы оқыңыз: "Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты

Былтыр шілде айында 95 жастағы қарияның коронавирустан он сегіз күн ішінде сауығып шыққаны туралы хабарланған еді. Ол стационарға ауыр жағдайда түсті, оған қоса басқа да аурулары болған.  

Ал 2020 жылдың сәуірінде дәрігерлер Ақмола облысының 99 жастағы тұрғынын емдеп шығарса, Нұр-Сұлтанда 93 жастағы кейуана дертінен айықты.

Жаңалықтар
0