Қоғам

Қазақстанға қытайлық CoronaVac вакцинасы жеткізілді

© Photo : акимат АлматыВ Казахстан прибыла китайская вакцина CoronaVac
В Казахстан прибыла китайская вакцина CoronaVac - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Жазылу
Жақын арада екпе салу пункттеріне қытайлық CoronaVac вакцинасы жеткізіледі. Осылайша қазақстандықтар QazVac, "Спутник V" пен Hayat-Vax-қа қоса коронавирусқа қарсы тағы бір екпені салдыртуға мүмкіндік алады

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым — Sputnik. Бүгін таңертең Алматы қаласына коронавирусқа қарсы қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

© Photo : акимат АлматыҚазақстанға қытайлық CoronaVac вакцинасы жеткізілді
Қазақстанға қытайлық CoronaVac вакцинасы жеткізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Қазақстанға қытайлық CoronaVac вакцинасы жеткізілді

Sinovac Biotech Ltd компаниясы шығарған вакцина Қытайдан арнайы бортпен жеткізілді. Алғашқы партияда 500 мың доза бар. Бұл Қазақстандағы коронавирусқа қарсы төртінші вакцина болады. Оны Қытай Халық Республикасымен жүргізілген келісімдердің нәтижесінде жеткізіп отыр.

© Photo : акимат АлматыАлғашқы партияда 500 мың доза бар
Қазақстанға қытайлық CoronaVac вакцинасы жеткізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Алғашқы партияда 500 мың доза бар

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанға келген жаңа вакцина барлық екпе салу пункттерінде қолжетімді болады. Министрлік CoronaVac-ты мақұлдады. Енді қазақстандықтар QazVac, "Спутник V" пен Hayat-Vax-қа қоса коронавирусқа қарсы тағы бір екпені салдыртуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша "CoronaVac" препаратын кеңінен қолданады. Бұл – инактивті вакцина. Құрамында SARS-CoV-2 белсенді антигені бар. Бір доза - 0,5 мл. Вакцинаны араға 14-28 күн салып, екі рет салады. Сақтау температурасы - плюс 2-8 градус. Оны 18 жастан асқан адамдарға егеді.

Жаңалықтар
0