Қоғам

"Жауап бермеңіз": Ұлттық банк қазақстандықтарды сақтандырды

© Sputnik / Абзал КалиевКарточка Kaspi bank и смартфон, иллюстративное фото
Карточка Kaspi bank и смартфон, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2021
Жазылу
Ұлттық банк ақша жіберіңіз деген электронды хаттар мен белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеуге кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым - Sputnik. Ұлттық банк алаяқтық жағдайы көптеп тіркеле бастағанына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады.

"Қазақстан Ұлттық банкі ақша жымқыру мақсатында азаматтардың жеке деректеріне ие болу үшін Ұлттық банктің қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтардың көбейе бастағанын ескертеді", - делінген хабарламада.  

Ұйым жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жасамайды.

"Ұлттық банкте шоттар тек қана Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктердің, шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылады" – деді банктегілер.

Осыған байланысты Ұлттық банк ақша жіберіңіз деген электронды хаттар мен белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеуге кеңес береді.

Оқи отырыңыз: "Банк талап ете алмайды": депутат алаяқтардан қорғаудың жаңа әдісін түсіндірді

Белгісіз банк шоттарының реквизиттері көрсетілген аяқ асты ақшаға тап боласыз деген хабарлама немесе телефон қоңырауы көбінесе алаяқтардың әрекеті екенін байқатады.

Ұлттық банктен "ақша жөнелтіңіз" деген сипатта күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, құқық қорғау органдарына арыздану қажет.

Жаңалықтар
0