Қоғам

Ақшаны қалай жинау керек – маман кеңесі

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне, карты, монеты тенге
Портмоне, карты, монеты тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Жазылу
Кішкентай соманың жоқ дегенде 5-10 процентін кейінге қалдырып қою керек. Сондай-ақ инвестициялауды үйрену қажет, деп санайды инвестициялық компанияның басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Klopenko Group  инвестициялық компаниясының негізін қалаушы Егор Клопенко үнемі ақша жетпейтін жағдайда да қалай қаражат жинауға болатыны туралы кеңесімен бөлісті, деп хабарлайды РИА Новости.

"Айлықтан айлыққа дейін өмір сүруден асқан жүйкені тоздырар әрекет жоқ шығар. Сондықтан өз капиталыңды құру қажет. Көп адам қаржы жағынан қиналғанына қарамастан, олар үшін дәл осы жинақтар маңызды болып саналады", - деп атап өтті Егор Клопенко.

Клопенко түсіндіргендей, жинақтың бар болуы өзіңіз бен отбасыңыздың қаржылық қауіпсіздігі және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Ақша жинағының болмауы сізді жұмыс беруші алдында да, тосын жағдайлар алдында да әлсіз етеді.

Сарапшының айтуынша, өз табысыңыздың белгілі бір бөлігін жинап үйренуіңіз керек. Қолыңызға тиген кез келген ақшаның кемін 5-10 процентін кейінге қалдырып қойыңыз.

Инвестициялауды бастау

Қаржы маманының пікірінше, инвестициялау да қаржылай қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады. Ол үшін брокерде шот ашып, салым жасауды бастау керек. Мысалы, көгілдір фишкалардың он-жиырма акциясы, үлестік инвестициялық қорлар, индексті қорлар немесе мемлекеттік облигациялар.

Оқи отырыңыз: Сарапшы кредитті уақытынан бұрын қай кезде жабу тиімді екенін айтып берді

Сонымен қатар ақша қорын әртараптандыру да маңызды: қаражаттың бір бөлігін доллар (немесе шетелдік бағалы қағаз), тағы бір бөлігін еуро (немесе шетелдік бағалы қағаз) және тағы бір бөлігін ұлттық валюта (немесе сол елдің бағалы қағазы) түрінде сақтау керек.

Жаңалықтар
0