Қоғам

Нөсер жауын, шаңды дауыл және бұршақ: Қазақстанда күн суытады

© Sputnik / Дмитрий Паршин / Медиабанкке өтуШөптегі бұршақ
Шөптегі бұршақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2021
Жазылу
Синоптиктердің болжамынша, кезекті антициклон әсерінен 8-10 маусымда күн суытады, жаңбыр жауып, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.

"Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын жауады, 10 маусымда елдің орталығы мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, қатты жел соғады, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл сақталады", - делінген хабарламада.  

Синоптиктердің болжамынша, кезекті солтүстік-батыс суық антициклонының әсерінен республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін төмендейді, күндіз 17-22, кей жерлерде 25 градус жылы болады.

Елдің қалған аумағында температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтіліп отырған жоқ.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 8 маусым: күн ала бұлтты, ауа температурасы түнде +14°C, күндіз +26°C;
  • 9 маусым: күн ашық, түнде +16°C, күндіз +24°C;
  • 10 маусым: да күн ашық, түнде +16°C, күндіз +21°C.

Алматы

  • 8 маусым: күн бұлтты, найзағай ойнайды, жел күшейеді,  түнде +22°C, күндіз +32°C ыстық;
  • 9 маусым: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +23°C, күндіз +31°C;
  • 10 маусым: күн ашық, түнде +22°C, күндіз +29°C.

Шымкент

  • 8 маусым: күн ашық, сынап бағанасы түнде +28°C, күндіз +34°C көрсетеді;
  • 9 маусым: күн ала бұлтты, түнде +22°C, күндіз +32°C;
  • 10 маусым: күн ашық, түнде +22°C, күндіз +31°C ыстық.
Жаңалықтар
0