Қоғам

Құлпынай мен шиені қалай таңдау керек – маман кеңес берді

© Photo : СС0 / Ylanite KoppensКлубника
Клубника - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2021
Жазылу
Жидектерді таңдау барысында жергілікті өнімдерге мән беріңіз, деп кеңес береді агроном

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Қазір  құлпынай мен шиенің маусымы. Жидектердің сапасын анықтау жолдары туралы агроном, ауылшаруашылық саласының маманы Владимир Викулов Sputnik радиосына айтып берді.

Ол қазір құлпынай маусымы аяқталып бара жатқанын, нарықта көптеген ұсыныс бар екенін атап өтті. Жидектерді таңдау барысында өзіңіздің аймағыңызда өсірілгендерге басымдық берген жөн, - деп кеңес береді агроном.

"Бұл жидектер өте тез бұзылады. Сондықтан жақын жерде өсірілгендерді сатып алған дұрыс. Жидектер мыжылып қалмауы керек, кішкене қораптарға салынған болса тіпті жақсы", - дейді Владимир Викулов.

Ол құлпынайдың дәмі ауа райына тәуелді екенін айтады.

"Егер бір-екі апта бойы бұлт, жаңбырлы ауа райы жемістердің сапасына әсер етеді. Шіріп, жидектің дәмі өзгеріп кетеді. Егер ауа райы аса ыстық болмай, күндізгі және түнгі температуралар арасындағы айырмашылық білінбесе, жеміс құрамындағы дәрумендер мен қанттардың мөлшерін сақтап қалады. Дәмді, жидектер құрғақ әрі әдемі болып өседі", - деп түсіндірді Владимир Викулов.

Оқи отырыңыз: Дәрігер балалар үшін өте қауіпті жеміс туралы айтты

Агроном екі аптадан кейін шие жинау кезеңі басталатынын айтты. Ал қазіргі ерте сатылымдағы шиенің сапасы кеш пісетін түрлерінен төмен.

"Бір-екі аптаның ішінде басқа шие шығады. Шие таңдаудың құпиясы – оның сабағыңа мән беріңіз. Егер ол жаңа, жасыл болса, оны таяуда жинады деген сөз. Сабағы мыжылып, қарайып жатса, жидектерінің дәмді болуын күтпеңіз", - деді Владимир Викулов Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, құлпынай мен шие маусымдық жидектер. Сондықтан олардың ең төменгі бағасы жаппай жеміс беру мен жинау кезеңінде болады.

Жаңалықтар
0