Қоғам

Ірі резерваттың лауазымды тұлғалары парамен ұсталды – тергеу жүріп жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Жазылу
Тергеу амалдары жалғасуда, шығын мөлшері анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Семей орманы" табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу бастады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Шығын мөлшері анықталып жатыр", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.

Кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті үкімді сот шығарады, деп толықтырды ведомстводағылар.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысы әкімінің орынбасары ұсталғаны рас па – ресми жауап

Айта кетсек, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан 6,6 есе артық.

Қарағай орманы тек өңір халқы үшін ғана емес, бүкіл ел үшін эстетикалық, рекреациялық және сауықтыру маңызына ие. Сонымен қатар табиғи-климаттық жағдайларға байланысты орманды сақтау және қорғау мәселесі –Қазақстан үшін стратегиялық маңызды бағыттардың бірі.

Жаңалықтар
0