Қоғам

Нығматулин Цойға: "Окоптан" шығатын кез келді

© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте КазахстанаМинистр здравоохранения Алексей Цой
Министр здравоохранения Алексей Цой - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Мәжіліс спикері денсаулық сақтау министрлігінің басшысына халық арасына барып, тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ асуға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға халықпен сөйлесуге кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Окоптан шығатын кез келді. Құрметті министр мырза, халық арасына барыңыз. Адамдармен санитарлық дәрігердің қаулысы арқылы байланыс орнатқанды доғару керек. Ауруханаға, емханаға, әсіресе аудандық ауруханаға барыңыз. Ол жерде кезекте отырған адамдармен сөйлесіңіз. Сіз олардан медициналық көмектің сапасы туралы көбірек мағлұмат аласыз деп ойлаймын", - деді Нығматулин мәжілісте 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті тыңдау барысында.

Спикер министрге статистиканы, Еуропаны мысалға келтіруді тоқтатып, халықпен байланыс орнатуға кеңес берді.

"Алексей Владимирович, қазір денсаулық жүйесіне оңай тиіп жатқан жоқ, салмақ түсіп отыр. Бірақ жинақталатын кез жетті. Орталық коммуникациялар қызметінің залында ғана байланыс орнату жеткіліксіз. Қағаздан немесе суфлердан баяндаманы оқып, кетіп қаласыз, журналистер сұрақтарының жартысына да жауап ала алмайды. Адамдармен тілдесіңіз, біз кім үшін еңбек етіп жүрміз? Біздің сайлаушыларымыз солар ғой. Ел басшылығы сізді қолдады, парламент қолдады, ақша бөлініп жатыр, жұмыс істейтін уақыт келді", - деді Нығматулин.

Оқи отырыңыз: Цой Біртановпен арақатынасы туралы: "Қазір араласпаймыз"

Жаңалықтар
0