Қоғам

Түркістан облысында тауда жоғалған тағы бір студенттің денесі табылды

© Photo : МЧС КазахстанаТүркістан облысы, туристерді іздеу
Түркістан облысы, туристерді іздеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2021
Жазылу
Жоғалған жігіттің әкесі өз ұлының денесін таныған, мәйіт сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Құтқарушылар Сайрам-Өгем шатқалынан тауда жоғалған туристің мәйітін тапты.

12 маусымда Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағыттағы зерттеулер барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан бір адамның мәйітін тапты. Бұл туралы ТЖ министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Алдын-ала мәліметтер бойынша көз жұмған адам 2004 жылы туған жігіт. Жоғалған жігіттің әкесі өз ұлының денесін таныған.

© Photo : МЧС КазахстанаҚаза болған туристің мәйіті табылған жер
Түркістан облысында тауда жоғалған тағы бір студенттің денесі табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2021
Қаза болған туристің мәйіті табылған жер

Ведомство мәліметінше, шатқал теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан. Таулы рельефтің, жартасты беткейлердің көптігінен денені тікұшақпен тасымалдау мүмкін болмады. Құтқарушылар Өгем өзені арқылы өтетін өткелді (ағыс жылдамдығы секундына 20 метр) жаяу жүріп, мәйітке қарай жылжыды. Олар мәйітті әуе кемесіне дейін жаяу көтеріп апарып, жүкшығырдың көмегімен әуе кемесіне көтерді.

Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

© Photo : МЧС КазахстанаІздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жер
Түркістан облысында тауда жоғалған тағы бір студенттің денесі табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2021
Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жер

Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ және полиция департаменттерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, орман шаруашылығының, Өзбекстан Республикасы ТЖМ 127 қызметкері, 15 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 3 кинологиялық есеп, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде.

Түркістан облысында жоғалған туристер

Еске салсақ, 25 мамырда кешке Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабар түсті.

Анықталғандай, жігіттердің бірі ауырып қалғандықтан, олар екі топқа бөлінген. Үшеуі көмек күтіп қалған, ал төртеуі құтқарушыларды шақыруға кеткен.

28 мамырда бірінші топ аман-есен отбасымен қауышты. 29 мамырда екі туристің мәйіті табылды. 12 маусымда құтқарушылар тағы бір студенттің денесін тапты. Қалған бір жігіт әлі іздестірілуде.

Тауға шыққан туристер – Назарбаев университетінің студенттері, біреуі – мектеп түлегі. Топ 21 мамырда "Сары-Айғыр" шатқалына аттанып, 24 мамырда үйге оралуды жоспарлаған.

Жаңалықтар
0