Қоғам

Қазақстандық оқушылардың күзгі және көктемгі демалысы қысқарады

© Sputnik / Владислав ВодневПоследний звонок 2021
Последний звонок 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2021
Жазылу
Қазақстанда жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде бірінші қыркүйекте басталды. Оқу жылында қосымша демалыс бірінші сынып оқушыларына беріледі

АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының демалыс күндері көрсетілген бұйрық жобасын Ашық НҚА порталында жариялады.

"Меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және демалысы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын: 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі", - делінген білім министрінің бұйрығында.

Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының интеграциялануын ескере отырып, қайталауға бөлінген сағат есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Оқу жылы ішіндегі 1-11 (12) сыныптардағы демалыс кезеңдері:

  • күзгі демалыс – 7 күн (2021 жылдың 25-31 қазан аралығы);
  • қысқы демалыс – 11 күн (2021 жылдың 31 желтоқсаны мен 2022 жылдың 10 қаңтар аралығы);
  • көктемгі демалыс – 11 күн (2022 жылдың 21-31 наурыз аралығы);
  • бірінші сыныптардағы қосымша демалыс – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпан аралығы).

2021-2022 оқу жылындағы жазғы демалыс 26 мамырдан 1 қыркүйекке дейін созылады.

Оқи отырыңыз: Аймағамбетов қазақстандық мұғалімдерге хат жазды

Қоғамдық талқылау 28 маусымға дейін жалғасады.

Жаңалықтар
0