Қоғам

Токио Олимпиадасына теннис бойынша кімдердің баратыны белгілі болды

© Photo : РixabayТеннисная ракетка и мяч
Теннисная ракетка и мяч - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Жарыстар 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді

АЛМАТЫ, 15 маусым – Sputnik. Қазақстан теннис федерациясы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына теннис турнирі бойынша кімдердің баратынын хабарлады.

"Қазақстан командасына ең үздік ойыншы Александр Бублик, сондай-ақ әйелдер триосы кіреді: Елена Рыбакина, Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова. Шведова үшін бұл үшінші Олимпиада ойындары", - деп мәлімдеді федерацияның баспасөз қызметі.

Іріктеу талаптарына сәйкес, әр елдің төрт үздік теннисшісі ATP және WTA рейтингінің ТОП-56 қатарына кірсе және Дэвис кубогында немесе Федерация кубогында ел намысын қорғаған болса, ойындарға бара алады.

Оқи отырыңыз: Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды – фото

Айта кетейік, Халықаралық олимпиада комитеті Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қай күндері өтетінін бекітті. Жарыстар 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді.

Жаңалықтар
0