Қоғам

Бүгіннен бастап Алакөлге жаңа жолаушылар пойызы қатынайды

© Photo : пресс-служба акимата Алматинской областиАлакөл, архивтегі сурет
Алакөл, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Үш күннен кейін "Алматы-Достық" бағыты бойынша тағы бір жолаушылар пойызы жолға шығады, ол  аптасына үш рет қатынайды

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. 15 маусымнан бастап Алакөлге баратын "Алматы – Достық" бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратынша, пойыз аптасына екі рет жүреді.

Сонымен қатар 18 маусымнан бастап "Алматы-Достық" бағыты бойынша тағы бір жолаушылар пойызын шығару жоспарланып отыр. Ол аптасына 3 рет қатынайды.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласынан қазіргі жолаушылар пойыздарының схемасы кемінде екі вагонға ұлғайтылады: №258/257 Нұр-Сұлтан – Достық және №54/53 Нұр-Сұлтан –Достық.

Тағы оқыңыз: "Қасиетті су ғой": әкім Алакөлде не себепті ПТР-тест сұралмайтынын түсіндірді

Ведомство ақпаратынша, жолаушылар ағыны артқан сайын тіркемелі вагондардың саны әлсін-әлсін көбейеді.

Бүгінде Алакөл көлі бағыты бойынша келесі маршруттар ұйымдастырылған:

Нұр-Сұлтаннан:

  • № 54/53 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Достық" (жыл бойы), дүйсенбі, жұма;
  • №258/257 "Нұр-Сұлтан-1-Достық" (20 маусымнан бастап), бейсенбі, жексенбі;
  • "Нұр-Сұлтан-1-Достық" №122/6942/6941/121 (жыл бойы) пойыздарындағы тікелей қатынайтын вагондар, жұп күндері.

Алматыдан:

  • №453/454 "Алматы-2-Достық" (жазғы 18 маусымнан бастап), дүйсенбі, сәрсенбі, жұма;
  • №21/6942/6941/22 Алматы-1-Достық (жазғы) пойыздарындағы тікелей қатынайтын вагондар, жұп күндері.
Жаңалықтар
0