Қоғам

Алматы полициясы танымал жеңгетайларды ұстады - видео

© AP Photo / Marcelo RuizСилуэты женщин, архивное фото
Силуэты женщин, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Күдіктілер қыздарды сауна мен қонақ үйлерге апарып отырған

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым - Sputnik. Алматы полициясы танымал жеңгетайларды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. Күдіктілер қыздарды сауна мен қонақ үйлерге апарып отырған. Әр клиенттен өз үлесін алған.

Қылмыстық топ қатысушылары құқық қорғау органдарының назарына ілігіп, көп ұзамай құрықталды. Негізгі ұйымдастырушы – 1988 жылы туған М.есімді азамат.  Ол қыздардың талап етілген жерге баруын ұйымдастырған. Қыздардан жеңгетайлығы үшін әр “сеансқа” 10 мың теңге мөлшеріндегі өз үлесін белгілеген.

Сондай-ақ монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін 1990 жылы туған С.есімді әйел де ұсталды. Егер жұмыс орны монша кешені болса, қыздар оған 12 мың теңге көлемінде төлеген. Оның іс-әрекетінде де жеңгетайлық белгілері анықталды.

Жалпы 21 мен 24 жас аралығындағы қыздар бір клиенттен 18 мың теңгені өздеріне қалдырған.

Оқи отырыңыз: "Қыздарды Бахрейнге алдап апарған": ІІМ қылмыстық топ туралы ақпарат таратты

Бұл қылмыстық кодекстің 309-бабы, 2-бөлігіне (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу кезінде материалдарға қоса тіркеледі.

Қылмыстық іске такси жүргізушілері тартылды, олардың міндеттері әйелдерді жұмыс орнына жеткізу болған.

"Қазіргі уақытта М.есімді ер адам Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша басқа айыпталушыларға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сонымен қатар полиция интимдік қызмет көрсететін әйелдерді арнайы есепке қойғандығын хабарлады. Айта кетейік, бұл бап бойынша кәсіпті ұйымдастырушылардың мүлкін тәркілеумен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0