Қоғам

Басылымда жарияланған мақаладан кейін екі әкім жұмыстан шығарылды

© Sputnik / Владислав ВодневСирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год
Сирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасын тексеруді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілердің шағымына назар аударды. Олар арнайы салынған тұрғын үй сапасы туралы айтқан еді.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында арнайы жазба жариялады.

"Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды", - деді ол.

Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналысуда.

Сондай-ақ Уәли аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылғанын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Құрылыс материалы және азық-түлік бағасы: Тоқаев Маминге бірқатар тапсырма берді

Облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ, бес ауданның әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, мақалада Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына көшіп барған қазақстандықтардың мәселесі көтеріледі.

"Еңбек" бағдарламасы аясында қоныс аударғандарға үй берілсе де, үш жылдан бері құжаттарын рәсімдемей отыр. Адамдар ауыз суды бір шақырым шалғай жерден тасып жүр. Ал қыста қарды ерітіп ішеді.

Жаңалықтар
0