Қоғам

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны жарияланды

© REUTERS / BENOIT TESSIERМедсестра в защитной маске следит за показателями приборов в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Медсестра в защитной маске следит за показателями приборов в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Жазылу
Соңғы тәулікте ковидті пневмониядан қайтыс болғандар тіркелген жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым - Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.

Коронавирустан 15 науқас көз жұмса, COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар тіркелмеді.

16 маусымдағы мәлімет бойынша, 21 025 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 6 451 пациент стационарда, 14 574 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Оқи отырыңыз: Көрші елдерде індет қайта өршуде: Мамин тапсырма берді

КВИ+ и КВИ- пациенттерінің арасында:

  • 441 науқас ауыр жағдайда;
  • 103 науқас өте ауыр жағдайда жатыр;
  • 63 науқас науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы республикада барлығы 404 064 адам індетке шалдықты.

Жаңалықтар
0