Қоғам

Биыл докторантураға түсу бойынша қандай өзгеріс енгізілді

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принимать выпускников
Центр национального тестирования готовится принимать выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Жазылу
Докторантураға түсуге құжат қабылдау 3 шілде – 3 тамыз аралығында өтеді

АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Қазақстанда докторантураға кемінде тоғыз ай жұмыс өтілі және магистр дәрежесі бар үміткерлер түсе алады. Биыл докторантураға түсуге құжат қабылдау 3 шілде – 3 тамыз аралығында өтеді. Оқуға түсу емтиханы компьютерлік форматта өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Докторантураға түсу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы қабылданады. Содан кейін өтініштер ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Биыл оқуға түсу үшін үміткерлер емтиханды өңірлік тестілеу орталықтарында компьютер арқылы тапсырады.

"Докторантураға кемінде тоғыз ай жұмыс өтілі және магистр дәрежесі бар үміткерлер тапсыра алады. Бұған дейін магистратураны биыл бітірген түлектер келесі жылы құжат тапсыра алмайтын. Кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар және магистр дәрежесі бар талапкер түсе алатын. Мұны былтырдан бастап өзгерттік, демек, тоғыз ай еңбек өтілі бар әрбір магистрант құжатын докторантураға бере алады", - деді Тойбаев.

Оның сөзінше, докторантураға түсушілер құжаттарды тапсыру кезінде жеке мәліметтерін көрсетіп, өзі таңдаған бір жоғары оқу орны мен бір білім беру бағдарламасының тобын көрсетеді. Олардың жеке кабинетіне емтиханды өткізу бағдарламасы мен кестесі алдын ала жолданады.

Докторантура қандай кезеңдерден тұрады

Әділет Тойбаевтың айтуынша, докторантураға түсу емтиханы эссе жазудан, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарынан тұрады.

Оқуға түсу бойынша максималды баға – 100 балл. Оның ішінде эссе жазу бойынша – 20 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – 30 балл,  бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 50 балл. Емтиханды тапсыруға 4 сағат беріледі.

Оқи отырыңыз: "Әділдік үшін өзгертіп жатырмыз": Аймағамбетов биылғы жаңашылдықтар туралы айтты

"Емтихан нәтижесі келесі күні талапкердің жеке кабинетіне жолданады. Нәтижемен келіспеген жағдайда жеке кабинет арқылы өңірлік тестілеу орталықтарына апелляцияға өтініш бере алады. Өтініш берген кезде нәтижемен не себепті келіспейтініңізді көрсету қажет. Содан кейін апелляция нәтижесін күтесіздер. Бір күн ішінде апелляцияға өтініш бойынша жауап келеді",  - деді Тойбаев.

Айтуынша, барлық емтихан сұрағы мен эссе тақырыптары әрбір жоғары оқу орнының сайтында жарияланады. Эссе мен сұрақтар бойынша дайындалуға қажет әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

Айта кетейік, докторантураға түсу емтихандары 4-20 тамыз аралығында өтеді. Оқуға қабылдану үшін құжаттарды 28 тамызға дейін тапсыру қажет.

2021-2022 оқу жылына докторантураға республика бойынша 1 815 орын бөлінді. Докторантураға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу үшін шектік балл – 75 балл, ақылы негізде түсу үшін – 50 балл.

Жаңалықтар
0