Қоғам

Қазақстанда коронавирустың үнді штаммы бар ма – Цой жауап берді

© REUTERS / KAI PFAFFENBACHСотрудник лаборатории изучает пробирки с положительными пробами на коронавирус
Сотрудник лаборатории изучает пробирки с положительными пробами на коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Жазылу
Соңғы жүргізілген талдау нәтижесінде үнді штаммы табылған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирустың үнді штаммы анықталған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Соңғы жүргізілген талдау нәтижесінде үнді штаммы табылған жоқ. Біз мұндай зерттеулерді үнемі жүргізіп тұрамыз. Жалпы денсаулық сақтау саласы әртүрлі сценарийге дайын", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол вирус жұқтырмағаны туралы ПТР-анықтамасы жоқ азаматтар ел аумағына кіргізілмейтінін еске салды. Көрші елдердегі жағдай бақыланып отыр.

Айтуынша, үнді штаммының тез жұғатыны расталса да, аурудың ауыр түріне шалдықтыратыны туралы әзірге ақпарат жоқ.

"Біз қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, көрші елдермен кеңесіп жатырмыз. Дайындық бар. Менің ойымша, жақын арада әртүрлі штамм пайда болады, бұл сөзсіз. Сол себепті денсаулық сақтау саласы әртүрлі қауіпке дайындалып жатыр", - деді министр.

Оқи отырыңыз: "Қара зең" індеті Иракқа да жетті: екі адам қайтыс болды

Бұған дейін Ресейде коронавирустың үнді штаммы табылғаны белгілі болды. Сарапшылар көрші елде індеттің қайта өршуін осы штаммның таралуымен байланыстырып отыр.

Жаңалықтар
0