Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар статистикасы жаңарды

© AFP 2024 / SEBASTIEN BOZONАурухана, архивтегі сурет
Аурухана, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Қазір республикада 19 980 адам коронавирус инфекциясынан, 1152 науқас COVID-19 белгілері бар пневмониядан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте індеттен қайтыс болған адамдардың санын жариялады.

Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам, "ковидтік" пневмониядан 4 адам көз жұмды.

Сондай-ақ, 1145 адам вирус жұқтырса, тағы 57 адам пневмонияға шалдықты.

17 маусымдағы мәлімет бойынша республикада 21 132 адам коронавирус инфекциясынан (19 980 + және 1152 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 6 468 пациент стационарда, 14 664 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 435 адамның жағдайы ауыр,
  • 111 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 73 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0