Соңғы қоңырау - 2021

"Алтын белгі" иегерлерінің саны бойынша рекорд жаңарды

412
(Жаңартылды 17:31 17.06.2021)
Биыл мектеп бітірушілердің арасында 9 738 түлек "Алтын белгі" алды. Бұл түлектердің жалпы санының 6,2%-ін құрайды

АЛМАТЫ, 17 маусым – Sputnik. Қазақстанда "Алтын белгі" иегерлерінің саны рекордтық көрсеткішке жетті. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша он мыңға жуық түлек "Алтын белгі" иегері атанды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл мектеп бітірушілердің арасында 9 738 түлек "Алтын белгі" алды. Бұл түлектердің жалпы санының 6,2%-ін құрайды. Олардың басым бөлігі мұғалім мамандығын таңдап отыр.

Оқи отырыңыз: "Алтын белгі" иегері ҰБТ-да өз орнына басқа адамды кіргізбек болды 

Үздік түлек атанғандар саны бойынша Түркістан облысы бірінші орында тұр. Мұнда 1 856 түлек "Алтын белгі" иегері атанды. Содан кейін Алматы (1 432 түлек) және Шығыс Қазақстан (738 түлек) облыстары тұр.

"Алтын белгіге" үміткерлердің емтихан жұмыстарын мектептер емес, білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарады, деп толықтырды министрлік.

Айта кетейік, 2019 жылы 7 349 оқушы "Алтын белгі" алса, 2020 жылы 8 615  оқушы ерекше төсбелгі иесі атанды.

412
Кілт сөздер:
алтын белгі иегері
 Архивтегі фото

Коронавирус пен пневмония тағы 100 адамның өмірін жалмады

466
(Жаңартылды 10:57 31.07.2021)
Елімізде бір тәулікте 7 600-ден астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 330-дан астам науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустан 86, пневмониядан 14 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 шілдедегі жағдай бойынша 95 998 адам (93 366 КВИ + және 2 632 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 27 004 науқас ауруханада, 68 994 науқас амбулаторлық деңгейде емделуде.

"86 адам коронавирустан, 14 адам пневмониядан қайтыс болды. 1 677 науқас ауыр жағдайда, 349 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, 334 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар 29 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 309 адамнан анықталған, 110 адам жазылып шықты.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты 

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы 7 691 адамнан табылды. Көбісі Нұр-Сұлтан (1518) мен Алматыда (1511) тіркелді.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Түркістан облысы.

466
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Пробирка с тестом на коронавирус

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты

58
Нұр-Сұлтанда 1 518, Алматыда 1511, Қарағанды ​​облысында 964 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 691 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 7 778 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1518
  • Алматы қаласы - 1511
  • Шымкент қаласы - 477
  • Ақмола облысы - 253
  • Ақтөбе облысы - 332
  • Алматы облысы - 300
  • Атырау облысы - 417
  • Шығыс Қазақстан облысы – 216
  • Жамбыл облысы - 247
  • Батыс Қазақстан облысы - 159
  • Қарағанды облысы - 964
  • Қостанай облысы - 245
  • Қызылорда облысы - 257
  • Маңғыстау облысы - 236
  • Павлодар облысы - 280
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 155
  • Түркістан облысы – 124.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 572 576.

58
Кілт сөздер:
статистика, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Әуежай, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда рекорд жаңартпақ болған жігіттің ұшақты сүйреуге күші жетпеді  

0
(Жаңартылды 11:36 31.07.2021)
Әлемдік рекорд үшін биіктігі 8 жарым метр, ұзындығы 33 метр, қанаттарының ұзындығы 28 жарым метрге жететін "Бомбардиер" ұшағы тұрақтан арнайы шығарылды

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Елордада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда әлемдік рекордты жаңартпақ болған жігіттің ұшақты сүйреуге шамасы келмеді. 26 тонналық ұшақ ақыры орнынан тапжылған жоқ, деп хабарлады КТК.

Алмат Жұманов ұшақ сүйреуге тыңғылықты дайындалды. Әлемдік рекорд үшін биіктігі 8 жарым метр, ұзындығы 33 метр, қанаттарының ұзындығы 28 жарым метрге жететін "Бомбардиер" ұшағы тұрақтан арнайы шығарылды.

Жаңа рекордты тамашалауға келген тілшілермен бірге Гиннесс кітабының  өкілдері де сертификатын ұстап әзір тұрған. Алайда қанша тырмысса да, ұшақты сүйрей алмай қойды. Рекорд ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Токиодағы спортшыларымызға арналмақ болған.

Бұған дейінгі рекорд Ресейде тіркелген, рекордшы 13 тонналық ұшақты сүйрепті. Ал 21 жастағы Алмат Жұманов бұған дейін 109 тонналық пойыз тартқан екен. Енді ұшақты қойып, Алматыда 300 тонналық пойызды сүйреп рекорд жаңартпақшы. Қазіргі көрсеткіш 276 тонна.  

"Бір-екі рет тартқан кезде күшім қалған жоқ. Сондықтан менде 4-5 мүмкіндік болды. Соңғысында күшім жетпей қалды. Бірінші, екіншісінде күшім сарқылды. Оның үстіне жері қисық екен. Жоғары шыққан кезде мені артқа лақтырып жіберді. Сондықтан бұл өте қиын болды", - дейді Алмат Жұманов.

0