Қоғам

Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жарияланады

© Photo : vidhyarthidarpanСтуденты на занятиях
Студенты на занятиях  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Стипендияға үміткер Нұртілеу Иманғалиұлының телевизиядағы тұлғасы жайлы бейнематериал әзірлеуге тиіс. Материалдар қазақ тілінде қабылданады

АЛМАТЫ, 17 маусым – Sputnik. Белгілі журналист, қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жарияланады. Байқауды ұйымдастырушы – Qazaqstan телерадиокорпорациясы.

Оған қазақстандық жоғары оқу орындарындағы журналистика факультетінің 2, 3, 4 курс студенттері қатыса алады.

"Нұртілеу Иманғалиұлы – өзінің эфирдегі бейнесімен қазақ телевизиясының тұтас бір буынын тәрбиелеген тұлға. Байқаудың мақсаты – осы сабақтастықты жалғау, телевизияда Нұртілеу Иманғалиұлының ізбасарларын дайындау, есімі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау. Сондай-ақ болашақ журналистердің шығармашылық шеберлігін шыңдауға жәрдемдесу", - делінген ақпаратта.

Стипендияға үміткер Нұртілеу Иманғалиұлының телевизиядағы тұлғасы жайлы бейнематериал әзірлеуге тиіс. Материалдар қазақ тілінде қабылданады.

Үміткерлердің жұмысын Qazaqstan телерадиокорпорациясының қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия қарайды. Нәтижесінде екі жеңімпазға грант беріледі.

Стипендия әр жеңімпазға 2021-2022 оқу жылында беріледі. Жұмыстар 2021 жылдың 28 маусымы – 28 тамызы аралығында baiqau@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады.

Айта кетейік, Нұртілеу Иманғалиұлы 2021 жылдың 17 ақпанында 70 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол қазақ телевизиясында 45 жылға жуық уақыт қызмет атқарған.

Белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлы дүниеден озды

Нұртілеу Иманғалиұлы "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас", "Айна", "Жас жігер", "Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.

Жаңалықтар
0