Қоғам

Нұр-Сұлтанда колизей салынады – видео

© Sputnik / Владислав ВодневНадпись Астана-Нур-Султан
Надпись  Астана-Нур-Султан - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2021
Жазылу
Спорт әуесқойларына арналған жаңа орын шілде айында ашылады

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтандағы студенттік саябақта  NS street life көше спортына арналған кешен (колизей) салынады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты

Көше спортына арналған екі деңгейлі мультифункционалды аренада баскетбол, футбол, бокс турнирлері мен би жарыстарын өткізуге болады. Ал қыста мұз айдыны жасалады деген жоспар бар.

"Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспарының тұжырымдамасы аясында қоғамдық кеңістіктер, саябақтар, жайлы қалалық орта, соның ішінде көше спортын насихаттау үшін инфрақұрылым салу қолға алынды. Мұндай алаңдардың әрбір ауданда болуы үшін полицентрлік қағидат ескеріледі", - дейді қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

NS street life көше спорты аренасында төрт кіреберіс болады. Айналасында көрермендер отырады. Бірінші деңгейде 350 адам отырса, екінші деңгейге 100 көрермен сыяды. Сондай-ақ, көлеңкелі шатырлар болады.

Көше спорты колизейінің ішінде және сыртында бірнеше жарысты қатар өткізуге болады Ал Ататүрік атындағы саябақта йога алаңы ұйымдастырылады.

Шағын колизейді орнату жұмыстары басталып кетті. Спорт әуесқойларына арналған жаңа орын шілде айында ашылады.

Жаңалықтар
0