Қоғам

Биыл Алматы колледждеріне оқуға түсу ережесіне өзгеріс енгізілді

© Sputnik / Абзал КалиевСтарт ЕНТ 2019
Старт ЕНТ 2019 - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2021
Жазылу
Алматы колледждеріне түсу бойынша конкурстың бірінші кезеңі 21-24 тамыз аралығында өтеді

АЛМАТЫ, 18 маусым – Sputnik. Алматы колледждеріне оқуға түсу талабы өзгерді. Енді арнайы емтиханды тек педагогикалық, медициналық пен шығармашылық мамандықтарына түсушілер тапсырады, деп хабарлады қаланың білім басқармасы.

Өзгерістерге сәйкес, медициналық мамандықтарға түсетін талапкер медициналық колледжде психометриялық тестілеуден өтуге тиіс.

Педагогикалық мамандықтарға түскісі келетіндер кәсіби жарамды арнайы емтиханын тапсырады. Бұл емтихан педагогикалық колледжде өтеді.

"Сәулет", "Дизайн" мамандықтарына оқуға түсетін талапкер екі шығармашылық емтихан тапсырады: біріншісі – сурет салу мен живопись, екіншісі – композиция.

"Орта буын мамандарына (технологтар, техниктер, сервис) оқуға түскісі келетіндер арнайы шығармашылық емтихан тапсырмайды. Сондықтан мемлекеттік тапсырыс бойынша орындарды тағайындау конкурсы негізінде бейіндік пәндерінің бағаларын саралау арқылы өтеді", - делінген ақпаратта.

Алматы колледждеріне түсу бойынша конкурстың бірінші кезеңі 21-24 тамыз аралығында өтеді.

Мемлекеттік тапсырыс 9-сынып бітірген талапкерлер арасында болады. Қалған мемлекеттік тапсырыс орындары 25-28 тамыз аралығында 11-сынып түлектері арасында өтеді.

Оқи отырыңыз: Енді қазақстандық түлектер колледжге түсу үшін емтихан тапсырмайды

9-сынып талапкерлерінің бағасын есептеу 25 тамызға дейін, ал 11-сынып түлектерінікі 29 тамызға дейін жүргізіледі.

Жаңалықтар
0