Қоғам

"Мектептерді қайта аша алмаймыз": Көлгінов астаналықтарға үндеу жолдады

© AFP 2024 / JON CHERRYДети в масках перед началом занятий в школе
Дети в масках перед началом занятий в школе - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Жазылу
Көлгінов көрші елдерде коронавирустың күшейіп бара жатқанын, штаммдардың жаңа түрлерінің шыққанын еске салды

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Елорданың әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз әлі де "қызыл" аймақтамыз! Күн сайын COVID-19 инфекциясының 250-300 жағдайы анықталады. Бір жағынан, бұл ПТР тестілерінің санын көбейту арқылы, екінші жағынан, оқшаулау мен санитарлық нормалардың бұзылуынан болып отыр. Ashyq жобасы арқылы карантин талаптарының өрескел бұзылғанын көріп отырмыз", - деп жазды Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Оның айтуынша, науқастармен байланыста болған және инфекция жұқтырғандар адам көп жиналатын жерлерге барып жүр. Соның салдарынан коронавирустың таралуы тоқтайтын емес.

"Мұндай адамгершілікке жатпайтын бұзушылықтарды тоқтатып, жолын кесеміз! Қала тұрғындарын сырқаттанған адамдардың статистикасына бей-жай қарамауға шақырамын. Медициналық рұқсаты жоқ және әлі вакцина алмаған адамдар отпен ойнап жүргенін білмейді: олар ерте ме, кеш пе жеңіледі. Бұл ретте өз денсаулығын ғана емес, туыстарына, жақындарына және қоршаған ортаға қауіп төндіреді!", - дейді қала басшысы.

Осы орайда Көлгінов көрші елдерде коронавирустың күшейіп бара жатқанын еске салды. Штаммдардың жаңа түрлері шығып жатыр. Өзге елдерде қосымша карантиндік шектеулер енгізіліп, жаңа инфекциялық стационарлар ашылып жатыр.

Ал Нұр-Сұлтанның стационарларында 1000-ға жуық адам ем алуда. Қазірдің өзінде төсек орындарының 50 проценті бос емес.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жаппай вакциналау басталады: COVID-ке қарсы екпені қалай алуға болады

"Қаламызға қосымша шектеулер енгізгіміз келмейді. Бұл қала экономикасына, тұрғындардың әл-ауқатына әсер етеді. Сонымен қатар, күзде жаңа оқу жылы басталады. Бірақ балаларымыз үшін мектептерді қайта аша алмаймыз", - деп жазды Көлгінов.

Жаңалықтар
0