Қорғаныш костюмін киген дәрігерлер

Қазақстанда "үнді" штаммына тән мутация анықталды: министрлік мәлімдеме жасады

952
(Жаңартылды 15:50 21.06.2021)
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған адамдардың зертханалық сынамаларын зерттеп, алдын ала болжам бойынша "үнді" штаммын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында үнді штаммының таралу ықтималдығын анықтады.

Нұр-Сұлтанда аурушаңдықтың күрт өсуіне байланысты денсаулық сақтау министрлігі вирус жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізген.

"Скрининг нәтижелері бойынша "Дельта" штаммына ("үнді" штаммы) тән мутацияның ықтималдығы анықталды. Мутацияның бары және оның "Дельта" штамына жататыны ДНҚ үлгілерін толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін белгілі болады", - делінген хабарламада.

Ведомстваралық комиссияның ақпаратынша, коронавирустың "Дельта" штаммы жоғары жұққыштығымен ерекшеленеді және анықталған штаммдарға қарағанда 60%-ке тез жұғады. Қазіргі айналымдағы штаммдар 1 адамнан орташа есеппен 3-4 адамға таралса, "үнді" штаммы 5-6 адамға бірден жұғады. Инкубациялық кезеңі небәрі 7 күнге созылады.

Сонымен қатар "үнді" штаммын жұқтырғандардың буындары мен іші ауырады, жүрегі айнып, лоқсиды, тіпті, ауру салдарынан саңырау болып қалуы әбден мүмкін, аяқтардың микротромбозына әкеп соғады.

Тағы оқыңыз: "Мектептерді қайта аша алмаймыз": Көлгінов астаналықтарға үндеу жолдады

Соңғы зерттеулер коронавирустың "үнді" штаммымен ауырғандар арасында аурухана төсегіне таңылғандар және қайтыс болғандар көбірек екенін көрсетті.

Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығы мен жақындарының өміріне аса сақтықпен, жауапкершілікпен қарауды сұрайды.

Ведомство азаматтарды инфекциядан сақтану үшін COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсынан өтуге шақырды.

Сондай-ақ бетперде тағу, арақашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және тағы басқа профилактикалық шараларды сақтаған абзал.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, SARS-CoV-2  "Дельта" штаммы әлемнің 74 елінде анықталған.

952
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2558)
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

145
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

145
QazVac вакцинасы

Бас санитар дәрігер QazVac вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

80
(Жаңартылды 20:06 31.07.2021)
Енді QazVac вакцинасының құтысы үш немесе бес адам екпе алуға ниет еткенде ашылады, бұл вакцинаны сақтау талабын орындау үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қаулы шығарып, QazCovid-in (QazVac) вакцинасын шығару формасын өзгертті.

"QazCovid-in вакцинасын шығару формасы: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыға құйылады", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Денсаулық министрлігінің ақпаратына сүйенсек, вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады. Сондықтан вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 адам болғанда ғана көп дозалы құтыны ашу ұсынылып отыр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сақтау тәртібінің бұзылмауын бақылауды күшейткені хабарланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма

 

80
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина