Қоғам

Қазақстанда зейнетақы туралы заңға жаңа өзгерістер енгізілетіні рас па – министрлік жауабы

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Жазылу
Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу туралы норма 2015 жылы қабылданған, алайда оны қолданысқа енгізу мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілді

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Бірқатар БАҚ сарапшылардың пікіріне сүйеніп, заңнамаға жұмыс берушілердің 5%-тік міндетті зейнетақы жарналарын енгізуге қатысты жаңа түзетулер әзірленгенін хабарлады. Алайда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұны жоққа шығарды.

Ведомство жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу туралы норма 2015 жылдың 2 тамызында қабылданғанын атап өтті.

Бастапқыда жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланған. Алайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілетінін ескеріп, жаңашылдықты қолданысқа енгізу мерзімі 2020 жылға ауыстырылды.

Кейін президенттің тапсырмасымен 2019 жылы заңнамалық түзетулер қабылданды. Оған сәйкес жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімі тағы үш жылға, 2023 жылға шегерілді.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен  қызметкерлердің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын 2023 жылдан бастап аударады", - деп түсіндірді министрлік.

Бұл зейнетке шыққанда қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының адекватты деңгейін сақтауға, сондай-ақ БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану құқығын іске асыруға мүмкіндік береді, деп санайды еңбек ведомствосы.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда зейнет жасы қашан көтеріледі

Бұл ретте жұмыс берушілерге түсетін жүктеме Салық кодексі аясында көзделген жеңілдіктер есебінен қолайлы деңгейде қалады, деп нақтылады министрлік.

Жаңалықтар
0