халыққа қызмет көрсету орталығы

eGov.kz порталында цифрлық құжаттар пайда болды

145
Жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, COVID-19 бойынша ПТР-тест нәтижесі - енді бұл құжаттардың цифрлық нұсқасы eGov.kz порталында қолжетімді

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Электронды үкімет порталында цифрлық құжаттарды алуға мүмкіндік бар. Бұл туралы eGov.kz порталының операторы - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-сы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Азаматтардың көптеген сұранысы бойынша біз цифрлық құжаттарды eGov.kz порталына шығардық", - делінген ресми хабарламада.

Цифрлық құжаттарды көру үшін алдымен порталда авторизациядан өту керек. Одан кейін "Жеке кабинетке" кіріп, жоғарғы жақта тұрған "Цифрлық құжаттар" бөлімін басу қажет. Сол кезде құжаттардың тізімі шығады. Олар:

  • Жеке куәлік;
  • Жүргізуші куәлігі;
  • Туу туралы куәлік;
  • Неке туралы куәлік;
  • Аты-жөні мен текті ауыстыру туралы куәлік;
  • Некені бұзу туралы куәлік;
  • Техникалық төлқұжат;
  • COVID-19 бойынша ПТР-тесттің нәтижесі;
  • Студенттік билет;
  • Диплом;
  • Зейнеткердің куәлігі;
  • Қандастың куәлігі;
  • Көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
  • Әлеуметтік ID;
  • Вакцинация төлқұжаты.
145
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

145
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

145
QazVac вакцинасы

Бас санитар дәрігер QazVac вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

82
(Жаңартылды 20:06 31.07.2021)
Енді QazVac вакцинасының құтысы үш немесе бес адам екпе алуға ниет еткенде ашылады, бұл вакцинаны сақтау талабын орындау үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қаулы шығарып, QazCovid-in (QazVac) вакцинасын шығару формасын өзгертті.

"QazCovid-in вакцинасын шығару формасы: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыға құйылады", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Денсаулық министрлігінің ақпаратына сүйенсек, вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады. Сондықтан вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 адам болғанда ғана көп дозалы құтыны ашу ұсынылып отыр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сақтау тәртібінің бұзылмауын бақылауды күшейткені хабарланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма

 

82
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина