Қоғам

18 мың теңгеге бір ай бойы қалай тамақтануға болады – эксперимент

© Sputnik / Абзал КалиевВ торговом комплексе Magnum Cash & Carry
В торговом комплексе Magnum Cash & Carry - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Билік бекіткен күнкөрістің ең төменгі деңгейіне сәйкес, 18 886 теңге бір айға тамаққа жетуі керек   

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 мың теңгеден сәл асады. Оның тек 18 886 теңгесі бір айға азық-түлік сатып алуға арналған. "31 арна" қазір бұл ақшаға не сатып алуға болатынын анықтады.

Билік бекіткен тізімде 43 өнім бар, тұтыну нормалары да қарастырылған. 

Телеарна тілшісі тұтыну себетінің тізімі бойынша  бір адамға 18 866 теңгеге азық-түлік сатып алуға тырысып көрді. Ол бір айға 18 бөлке нанды 80 теңгеден (1440 теңге), бірінші сортты бидай ұнын 480 теңгеден, бір пакет макаронды 160 теңгеден сатып алды.

"Көкөністер. 8 килограмм картоп ең төменгі бағамен 2320 теңгеге түседі. Пиязға 256 теңге, сәбізге 864 теңге қажет. Жалпы көкөністерге 3440 теңге жұмсалды", – дейді журналист. – Бір адам айына 2,8 килограмм ет жейді. Бір килограмын 2170 теңгеден алсаң, 6070 теңге болады. Жарты килограмм құс етін алуға 680 теңге кетеді".

Осы азық-түліктің барлығына 23 919 теңге қажет. 18 866 теңге жұмсау үшін бір-екі килограмм картоптан, еттен және жеміс-жидектен бас тартуға тура келді.

Жаңалықтар
0