Қоғам

Жаңбыр, бұршақ және жел: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

© AFP 2024 / KIRILL KUDRYAVTSEVЧеловек под зонтом проходит мимо цветущего каштана
Человек под зонтом проходит мимо цветущего каштана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Қазақстанда алдағы үш күнде бірнеше өңірде күн салқындайды, деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 24-26 маусым күндері күн салқындайды.

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

"24 мамырда Павлодар облысында, 24-25 мамырда Шығыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.

Тек еліміздің батыс өңірінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Қатты құрғақшылық болады – Қазгидрометтің маусым айына болжамы

Күндіз солтүстікте 17-28 градусқа дейін, орталықта 20-35-ке дейін, солтүстік-батыста 25-40 градусқа дейін ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі.

Жаңалықтар
0